Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын!

Әлдилеген әнінен күмбірлеген күйіне дейін тұнып тұрған ұлтты сана-сезім бояуы сіңген өнер құдіретіне ештеңе тең келмес. Халқымыздың  тыныс-тіршілігі, болмысы баяндалып, ұлтымыздың өткені мен келешегі бейнеленетін өңі тозбас өнеріміздің өрісі кеңи беретініне күмән жоқ. Бүгінде  араға біраз жылдар салып, қазақ домбырасының абыройын, рухани өресін, ұлттық болмыстың ажырамас бөлігі екендігін тағы бір мәрте айқындай түстік.

Өнертану ғылымының докторы, профессор, домбырашы ғалым, дирижер Жұмагелді Нәжімеденовтің көп жылдар бойғы ерен еңбегі, нәтижелі жұмысы, өнерді меңгеруге деген ерекше ынталылығы дүйім жұртқа белгілі.

«Домбыра ойнау оңай ма?» кітабының алдыңғы басылымдарын өнер сүйер қауым, қазақ елі айқара құшақ жая қарсы алды. Оның үстіне нотаны жете білуді, музыкалық арнайы сауаттылық қажет етпейтін бұл тәсіл көпшіліктің көңілінен шығып, шын жүрегімен тілек білдірушілер үшін бұл кітап дер кезінде жарық көрді деуге болады.

Қадірменді оқырман, назарларыңызға ұсынылып отырған Ж. Нәжімеденовтің еңбегінде домбыра аспабын үйренудің әліпбиі қайталанбайды, яғни аспапты дұрыс ұстау, қолдың қағысы, қойылымы, пернелердің орналасуы т.б. жол-амалдары көрсетілмей, оның орнына бірнеше жаңа күй, шығармалардың жазуы беріледі. Сонымен қатар кітапта әнді домбыраның сүемелдеуімен орындау жолдары ұсынылып отыр.

Осы аспаптың сүйемелдеуімен орындалған атақты «Қазақ дәстүрлі музыкасының антологиясы» атты электронды диск та біздің кітап қорымызда сақтаулы. Бұл дискден халық қазынасына айналған аспаптың тамаша туындыларын халық композиторлары Естай, Абай, Біржан сал, Әсет, Жая Мұса, Мәди, Үкілі Ыбырай мен

Құрманғазының «Сарыарқа», «Адай», Дәулеткерейдің «Қос алқа», Динаның «Әсем қоңыр», Тәттімбеттің «Сарыжайлау» т.б. күйлерін тыңдай аласыздар.

Уақыт сүзгісінен өтіп, көп жылдар бойы шыңдалып, жылдан-жылға бой көтеріп келе жатқан, қазақтың ұлттық тәрбиесінің өзегі – қазақ домбырасы болашақ бала тәлімінің өзегі болары хақ.

Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi сiздердi асыға күтеді!

Келіңіздер! Көріңіздер! Оқыңыздар! Тыңдаңыздар!

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • Күй-Ұран [Мәтін] / Қ. Ахмедияров. - Алматы : Дайк-Пресс, 2001. - 336 б.
  • Бекенов, У.  Күй көтерер көңілдің көк жиегін [Мәтін] / У. Бекенов. - Алматы : Қазақстан, 1975. - 48 б. - 06.00 тг.
  • Бір күй бар домбырамда  [Ноталар, қолжазба] : қасым Аманжоловтың өлеңдеріне жазылған әндер жинағы / құраст. Д. Аманжолова. - Алматы : Өнер, 1983. - 71 б.
  • Домбыра-Дастан [Мәтін] : оқу құрал / құраст. К. Сахарбайқызы. - Алматы : Мектеп, 2002. - 256 б.
  • Жайымов, А.  Шалқыма [Мәтін] : домбыра мен фортепианоға арналған пьесалар / құраст. А. Үлкенбаева. - Алматы : Өлке, 2001. - 240 б. - ISBN 5-7667-1286-3 : 225 тг.
  •  Жұбанов, А. Қ Ән-күй сапары [Мәтін] / А.Қ Жұбанов. - Алматы : Қазақ ССР-нің "Ғылым баспасы, 1976. - 479 б.
  • Қазақ музыкасы [Текст] : антология : бес томдық / ред. Т. Жақып. - Алматы : ҚАЗақпарат, 2005. - 1 т. : Көне музыкалық фольклор. - 516 б.
  • Қазіргі Қазақстан өнерінің даму үрдістері [Мәтін] : ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Алматы : ҚазМӨҒЗИ, 2002. - 348 б.
  • Қылышұлы, Б.  Баба ұраны [Мәтін] : ноталық альбом / Б. Қылышұлы. - Алматы : Өнер, 2003. - 312 б.
  • Мерембаев, Қ. М. Домбыраға арналған концерттік шығармалар [Нота] [Мәтін] / Қ. М. Мерембаев. - Қарағанды : КарМУ баспасы, 2005. - 62 б.
  • Мырза Әли Қ.Таңдамалы туындыларының көп томдығы [Текст] / Мырза Әли Қ. - Алматы : Қазығұрт, 2001 - 5-том : Домбыра. Жұмыр жер. - 400 б.
  • Нәжімеденов, Ж.  Домбыраның қоңыр үні [Мәтін] / Ж. Нәжімеденов. - Алматы : Өнер, 2007. - 200 б.
  • Нәжімеденов, Ж.Домбыра үйренгің келе ме? : Тез үйренну тәсілі [Текст] : [3 кітап] / Ж. Нәжімеденов. - Алматы : Аманат-ТТ, 2001 - 1 кітап = Хочешь играть на домбре?
  • Сахарбайқызы, К.  Домбыраға арналған  шығармалар [Мәтін] : хрестоматия / К. Сахарбайқызы. - Алматы : Мектеп, 2002. - 128 б.
  • Сейфуллин, С.  Домбыра [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар / С. Сейфуллин. - Алматы : Жазушы, 2003. - 212 б.
  • Тәттімбет Сылқылдақ [Мәтін] : (қазақ халық аспаптары оркестріне арналған партитура) / Тәттімбет ; құраст. Ә. Шоқанбаев. - Қарағанды : [б.ж.], 2004. - 108 б.
  • Шіркін, домбыра! [Мәтін] : домбыра тур. өлеңдер топтамасы / құраст. Д. Асан-Сарыбай. - Алматы : Арыс, 2004. - 72 б
  • Сарыарқа саңлақтары [Мәтін]. - Павлодар : ЭКО ҒӨФ, 2007. - 316 б.
  • Сланов, Ғ. Домбыра күйі-ақиық [Мәтін] : очерк пен повестер / Ғ Сланов ; ред. М. Сүндетов. - Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет, 1960. - 211 б.
  • Әзірбаев К. Жан серігім, домбыра [Текст] : [көп томдық шығармалар жинағы] / К. Әзірбаев ; құраст. Б. К. Әзірбаев. - Алматы : Өнер, 2007.