Қырғызбаев Ө. Қобызшы Жаппас Қаламбаев [Мәтін] / Ө.Қырғызбаев, 2009. - 236 б.

Жаппас Қаламбаев [Мәтін] : [жинақ] / құраст. Қ. Сыдықұлы. - Алматы : Алматы, 2009. - 10 б.

Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын!

Киелі де қасиетті қара қобыздың болғаны тарихтан белгілі. Сай-сүйегіңді сырқыратып, төбе құйқаңды шымырлатып, жаныңда қоярға жер таптырмайтын күңіренген үніне пара-пар келетін саз-сарын сирек шығар. Қорқыт бабамыздан Ықылас атамызға дейін он ғасырдай арасы үзіліп барып, қайта жалғанған қобыздың біздің заманымызға қаймағы бұзылмай жетуіне орасан зор үлес қосқан, еңбегі сіңген дарабоз Жаппас Қаламбаевтың туылғанына 109 жылдың жүзі болып қалды. Ел ішінен шыққан сирек талант иесі Жаппас Қаламбаев жаратылыс берген талантының арқасында жарты ғасырдай туған халқына өнерімен адал қызмет етудің ерен үлгісін көрсете білді.

Ж. Қаламбаев – белгілі бас орындаушы музыкант қана емес, дирижер-композитор, ұлағатты ұстаз, оркестр жетекшісі де бола білген тұлға. Ол оркестр мүшелерінің ең алғашқыларының қатарында 1942 жылы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері атағына ие болған. Сондай-ақ ұзақ жылғы еткен ерен еңбегі жолында "Қызыл Ту" орденімен, "Сіңірген еңбегі үшін", "Ұлы Отан соғысы ардагері" медальдарымен, бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Назарларыңызға ұсынылып отырған "Қобызшы Жаппас Қаламбаев" атты кітап пен "Жаппас Қаламбаев" атты электронды дискда жай ғана қобызшы емес туа-бітті музыкалық сауаты жоғары, халық композиторларының көптеген күйлерін қобыз бен домбырада алғаш рет орындап, оркестрге түсуіне дәнекер болған, ел арасында қылқобызды дәріптеп, соңынан шәкірттер тәрбиелеуде жемісті еңбек еткен Жаппас Қаламбаевтың өнер жолы кейінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге екеніне көз жеткізуге болады.

Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi Ciздердi асыға күтеді!

Келіңіздер! Көріңіздер! Оқыңыздар! Тыңдаңыздар!