Күмісбайұлы, Ш. 

Қазақ әнін әлемге асқақтатқан Дос-Мұқасан [Мәтін] : деректер, естеліктер, құжаттар, фотосуреттер / Ш. Күмісбайұлы ; ред. Ж. Жабырбеков. - Алматы : Өнер, 2007. - 176 б.

Дос-Мұқасан. Бізге 40 [Электрондық ресурс]. - Алматы : Әуен студиясы, 2007. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).

 

Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын!

Әдебиет, музыка, өнер – уақыттың бояуы, иісі, үні. Бұларсыз уақыт пен заманда толық мазмұн болмайды. Біз музыка таңдай отырып, жан дүниеміздің қатпарындағы мың сан жұмбаққа жауап іздейміз, небір құпия сезімдерге бойлай отырып, өзімізді өзіміз танимыз.

Өнерде айнымайтын қағида бар. Ол – халқының, ұлтының мұң-мұқтажын, қайғы-қасіретін, қуанышын, күлкісін айдай анық, таза мөлдір күйінде өмір сахнасына шығарғанда ғана жұртына жақын болуы. Бұл орайда халық әндері мен батыстың музыкалық әлемімен қиюластыра шырқаған көрерменнің көкірегіне ұя салған тұңғыш «Дос –Мұқасан» эстрадалық ансамблінің  орыны бір төбе.

Назарларыңызға қазақ әнін әлемге асқақтатып, күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналып, ән өнерін Америкаға, Еуропаға, Азияға танытып, халқымыздың ұлттық мақтанышына айналған, өзінің атын төрткүл дүниеге паш еткен «Дос - Мұқасан» ансамблінің өмірі, жүріп өткен жолдары, асу асу белдері туралы сыр шертетін, деректер, естеліктер, фотосуреттер жинақталған «Қазақ әнін әлемге асқақтатқан Дос – Мұқасан» атты кітапты ұсынамыз.

Кітап беттерінен  әлемді әсем әндерімен әуелеген ансамблдің құрылу тарихын, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері жайлы оқи аласыздар.

Уақыт ешқашан тоқтамайды. «Дос – Мұқасан» қиын кезеңдерде елінің мұңын мұңдап, жырын жырлады, намысын жаныды, рухын өсірді, келешекке сенім оятты. Алдымызда «Дос - Мұқасан» ансамбілінің құрылғанына 50 жыл толған мерекесі жақындап келеді.

Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға ел арасында кеңінен таралған танымал әндері мен адам жанын әлдилейтін, мұңайғанда жұбататын,  қуанғанда тасытатын әсерлі әуендері  жинақталған «Дос - Мұқасан» атты электронды дискіні назарларыңызға ұсынамыз.

 Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi Ciздердi асыға күтеді!

Келіңіздер! Көріңіздер! Оқыңыздар! Тыңдаңыздар!