Қарағанды  облысы, Ақтоғай ауданына қарасты  Нүркен  селолық округі ,Нүркен  үлгілі №7 ауыл кітапханасы.

 Нүркен ауыл ,Ақтоғай ауданындағы Нүркен селолық округінің орталығы.Жамшы өзенінің бойында, аудан орталығы оңтүстік –батысында 45км,Қарағанды қаласынын оңтүстігінде 300км жерде орналасқан .Іргесі колхоздастыру кезеңінде 1936 жылы қаланған.Халқы 782 адам.1930 жылы округ аумағында Жамшы,Бірлестік,Қонырат,Жамбыл,Калинин колхоздары ұйымдастырылған .1960-1973 жылдары Ақтоғай және Қонырат сохоздарының құрамына енгізілген, 1973 жылы жаңадан Жамшы савхозы ұймдастырылған .Округ жерінде Жамшы,Қаратал,Түлкілі өзендері,Қызылтас, Жалпаққайын,Соран,Айдай-Қира ,Қосшоқы,Ұрынқай,Имек таулары бар.Ақсай уран кен орны жұмыс жасаған.Шаруашылығының мамандандырылған негізгі бағыты-Қазақстан бойынша асылтұқымды дегірес қойы,қосымша ірі қара,жылқы өсіріледі.Округтің елді мекендеріне (Жалантөс,Жидебай,Қаратал,Ақсеңгір ауылдарды) 3 мектеп,ФАП,клуб,кітапхана басқа да мәдени тұрмыстық мекемелер бар.Ауыл басқада елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.

Ақтоғай аудандық орталықтандырыған кітапхана жүйесіне қарасты  Жәмші ауыл кітапханасы болып 1978 жылы ашылды.1991жылы совхоз  аты өзгеріп  Нүркен селолық округі болып аталды, сол себептен кітапхана атауы   Нуркен ауыл кітапханасы болып  өзгерді.  1995жылы Нүркен  ауыл кітапханасы қысқартылып жабылды. Жабылған кезінде бүкіл кітап қорына кітапханашы Ғ.Мақсұтова  өзі ие болып  5жыл сақтап  келді. 2000жылы  Мәдениетті қолдау жылына байланысты кітапхана ашылды.  Қарағанды әкімінің қолдауымен  30маусым  2004 жылы   Нүркен  ауыл кітапханасына үлгілі кітапхана статусы берілді Үлгілі кітапхана болып ашылуына облыс әкімінің  тарапынан облыстық бюджеттен қаржы қаралды.Қаралған  қаржыға кітапханаға жаңа жиһаздар, озық техникалар қамтамасыз етілді.  Н.Аяғанова   кітапханашы болып жұмыс атқарды. 2012 кітапханашы өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты жаңа кітапханашы алынды.Е.Смагулова еңбек өтілі1жыл.

Кітапхана ғимараты орналасқан жері Клуб үйі,аумағы 72м,жылуы  АСО.  Қазіргі танда  халық саны 782 тұрғын.   Аудан тарапынан жаңа кітаптар, баспасөз баслымдарымен  қамтылды.Жылма жыл кітап қоры толықтырылуда. Қазіргі таңда кітапхана қоры 11852 дананы құрайды,оның ішінде қазақша қоры 6929 дана .Жаңадан мысалы 2012 жылы 883 дана кітап түсті. Оның қ/т -823 дана.Баспасөз басылымдарына бөлінген қаржы 113160,83тг , жазылған газет саны 15,журнал саны14 құрайды.

Түскен жаңа кітаптар толықтыру көздері олар:Аудандық  бюджет,Облыстық мәдениет басқармасынан әр түрлі бағыттағы кітаптар ,  Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық  әмбебап ғылыми  кітапханадан, сыйға,тілдерді дамыту бөлімінен.

 Бақылау көрсеткіштер:

                 Оқырман – 504

                 Келіп-кетуші- 5908

                 Кітап берілімі -10803

Кітапхана клуб ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан. Кітапханаға телефон байланысы орнатылған – 2-13-89

Алып отырған бөлмелерінің көлемі – 84,3кв. м.

Жылу- АСО

Жөндеу жұмысы бірде бір рет жүргізілмеген. Оған қаржы қарастырылмаған.