Фильтр
  • Әнұран, Ту, Елтаңба – орны биіктен сайланған мемлекеттің мызғымас рәміздері. Елдің елдігін, халықтың бітім-болмысын көрсететін ұлттық құндылықтарымыздың ресми түрде қабылданғанына 25 жыл. Ал, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заңы 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осыған сәйкес бұл күн

    ...
  • 1 маусым – "Халықаралық балаларды қорғау күні" мерекесінде кітапхана іші шат-шадыман бала күлкісіне бөленді. Кітапхананың кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерлерінің балалары "Армысың, ЖАЗ" атты мерекелік шараға жиналды. Түрлі конкурстарға, ойындарға аса ыждаһаттықпен қатысқан балалар ептіліктері мен тапқырлықтарын, өнерлері мен білімдерін ортаға салды.

  • Әдеттегідей кітапханадағы жазғы маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шарамен ашылады. Маусым айында Жазғы оқу қаласы ашылып, "Кітапханадағы жаз мезгілі" бағдарламасы аясында балаларға арналған клубтар мен үйірмелері өз жұмысын бастайды.

    Маусым айына арналған іс-шаралар жоспары.

  • Қазыналы Қарағандыға ат басын тіреген арда тұлғалар қасиетті қара шаңыраққа соқпай кетпейді. Бұл жолы кітапханамыз Алаштың аспантау ақыны, ұлт жанашыры – Мұхтар Шахановты құрметті қонақ етіп, оқырмандармен кездесу кешін ұйымдастырды.

    "Тағылым" танымдық-интеллектуалды клубының аясында өткен кездесуді айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов тізгіндеді. Жиналған жұртпен амандасып алған соң, алпауыт ақынға сөз берілді. Әдебиет жайлы

    ...
  • 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап аталып өтіліп келеді.

    Ел естісе жан түршігетін зұлмат жылдарда, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың

    ...