Фильтр
  • Ұлтымыздың латын әріп таңбалы жаңа әліпбиінің жасалуы – рухани жаңғырудың басты темірқазығы. Латынға оралу, әліпби жаңарту – ұлттық мәселе. Кедергісіз тура жолмен әлемдік ақпараттық кеңістікке енуге мүмкіндік беретін негізгі құрал, мемлекетті біріктіретін алып күш.

  • Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған эссе жазу байқауын жариялайды.

    Жұмыстар 2019 жылдық 5 мамырына дейін kraeved_2014@mail.ru  эл.поштасында қабылданады.

  • Дәстүрлі түрде әр түрлі кітапханалық іс-шараларға бай сәуір айы да келіп жетті. Сәуір айында кітапханамызда Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған іс-шаралар өтеді. Биылғы жылы барлық іс-шаралар Жастар жылы аясында өткізіледі. Сондықтан олар көбінесе ойын түрінде және мектептерде, колледждерде, лицейлерде ұйымдастырылады.

    ...
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы "Қайырымдылық керуені" жалпы республикалық қайырымдылық акциясының 2019 жылғы шараларының күнтізбесі ұлы даланың дәстүрлеріне негізделіп жасалған еді. Күнтізбе бойынша наурыз айы қуаныштың айғағы ретінде салтанатты дәстүрдің атауымен "Шашу" айы болып белгіленген.

  • 2019 жылдың 15 сәуір күні сағат 15:00-де кітапханада «Жыр-Жауһар» поэзия клубының ұйымдастыруымен ақын, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері Светқали Нұржанмен кездесу кеші өтеді. Кеш жүргізушісі айтыскер ақын – Тілеген Әділ.

    Светқали

    ...