Ә.Нұршайықов - өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің еңсесін тіктеп, ел жүрегіне еркін жол тартқан. Оның шығармалары кісілік пен кішілік, адалдық пен әділдік, игілік пен ізгілікті насихаттайды. Жазушының кітаптары бүгінгі күнге дейін оқырмандардың ықыласына бөленіп келеді. Сіздердің назарларыңызға Ә.Нұршайықовқа арналған кітапхана қорында бар кітаптармен таныстыру мақсатында «Ерлік пен Махаббат жыршысы» атты кітап көрмесін ұсынамыз.