Құрметті достар!

Сіздердің назарларыңызға қаламыздағы 50 жылдан астам тарихы бар, қазақ өнері мен мәдениетінің өркендеуіне өз үлесін қосып, білікті мамандар мен өнерлі жастарды тәрбиелеуде еңбек етіп жүрген «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің»  @kolledzh_tattimbeta  ұстазы, қабылдау комиссиясының төрайымы Айгерім Кенжеғұлқызымен өткен  блиц-сұхбатымызды ұсынамыз. Мамандық таңдау адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі болып саналады, сол себепті сұхбат барысында бірнеше өзекті сұрақтарға жауап беріле отырып, колледж тарихы мен  қазіргі жағдайы айтылды. Талапкерлерге маңызды шешім қабылдап, мамандық таңдау барысында пайдалы кеңестермен бөлісті. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға шын жүректен  тілектеспіз.