Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_azbanbaev is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_azbanbaev is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітаптың ішіндегі әлемге жан беретін – ол әрине оқырмандар. Ойы зерек, қиялы ұшқыр оқырман ғана әр тараптан жыл құсындай қуаныш жетелеп келетін кітаптардың патшалығында сайран құра алады. Дәл осындай жанға айнала білген  кітапханамыздың айнымас досы, тұрақты оқырманы – Марат Азбанбаев.

2019 жылдың 26 ақпанында Қарағанды облыстық сотының отставкадағы судьясы, аудармашы, зерттеуші Марат Ақторғайұлы Азбанбаевпен "Абай жолы – ұрпақ жадында" атты кездесу өтті. Шараның мақсаты – ұлы Абайдың өмірін насихаттау, қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романын жаңаша оқу және оқыту, ұрпақ жадына ұялату. Шара барысында Марат Ақторғайұлы республикалық "Қасым" журналында басылған оқырманның роман эпопеяға берген түсініктемесі ретінде "Абай жолы және ежелгі құқық" мақаласын талқылап, қазақтың тұңғыш эпопеясының мазмұнын одан әрі аша түсті. "Сөз түзелді – тыңдаушы сен де түзел" – деп Абай айтпақшы, кездесуге қатысушылар зерттеушінің сөзін ұйып тыңдады. Кездесуге Қарағанды облыстық сотының қызметкерлері, қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың мамандары, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің ұстаздары мен кітап сүйер оқырмандар қатысты. Оқырман назарына ұсынылған көрмеге Марат Ақторғайұлының "Менің Қазақстаным – Жұмекен", "Әділ, әсем әлем", "Қарқабат", "Абай и Слово о полку Игореве", "Мықты қазақ және Игорь полкі туралы жыр" кітаптары және газет-журнал беттерінде әр жылдары жарық көрген мақалалары топтастырылды.

{gallery}material/news/2019_azbanbaev{/gallery}

"Абайдың қазақтық махаббаты – мықты махаббат. Абай поэзиясы – құқықтық поэзия. Әркім сотта өзін тыңдатуға құқылы болса, оны тыңдаушы, ұғушы судья – Абайдың асыл сөзін сақтайтын, ата тәрбиесін ақтайтын ақынжанды азамат." – дейді мақала иесі. Абай жолы – жазушының жұмбағы. Осынау жұмбақты шешу – әр оқырманның паразы. Абайды ұмыта аламыз ба? Әрине, жоқ! Ұрпақ Ұмытпайды. Абай жолы ұрпақ жадында мәңгі тұрақтамақ.