Қазақ тілін латын графикасына  негізделген әліпбиге көшіру – аса маңызды, ірі мемлекеттік мәселе. Сондықтан әліпби енгізуге байланысты шаралар мемлекеттік және  қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтиды. Тарихи тұрғыдан латын графикасына негізделген әліпбиімізге қайта оралу арқылы әлем елдерімен, соның ішінде түбі бір түркі халықтарымен әдеби, мәдени және тарихи қатынасты нығайту ұлттық тіліміздің халықаралық деңгейінің артуына ықпал етеді.  "Ойнайық, ойлайық"  тақырыбында 2019 жылдың 22 ақпанында  № 65 ЖББОМ  6 "в" – сыныбында ойын – сабақ өтті.

Сынып оқушылары өздеріне берілген  сөйлемдерді латынша жазып, жұмбақтарды шешіп, жауабын латынша жазуды аса қызығушылықпен орындады. Интерактивті тақтадан көрсетілген  "Армандастар – құрдастар" әнін алдымен латынша оқып, соңынан әнімен  тамылжыта шырқады. Пән мұғалімі Қаймолдина Гүлмира Қабиденқызы біздің кітапханада өткен шараларға қатысқан оқушылары жайлы айтып, келешекте де серіктестігіміз жалғаса беретініне сенім артып, кітапханашыларға алғысын  білдірді.

Абонемент бөлімінің сектор басшысы Ахмадиева А.С.