Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_kolledzh_gumanitarny is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_kolledzh_gumanitarny is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Ақпан айының 25 күні Қарағанды гуманитарлық колледжіне ақын, қоғам және мемлекет қайраткері, қазақтың біртуар ұлы Сәкен (Садуақас) Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай "Әділдік жолын іздеп қуған едім..." атты әдеби сағаты өтті. Мақсаты дауылпаз ақын, ірі қоғам және мемлекет қайраткері Сәкеннің өмірі, шығармашылық жолы,қайтпас қайсар күрескердің қоғам алдындағы атқарған еңбектерімен таныстыру.

{gallery}material/news/2019_kolledzh_gumanitarny{/gallery}

Халқының ақберен перзенті, қазақтың аса көрнекті ақыны С. Сейфуллиннің аққан жұлдыздай қысқа ғұмыры досын сүйіндіріп, дұшпанын күйіндіріп, жарқырап өте шыққанына тарих куә. Дауылпаз ақын Республиканың саяси-қоғамдық, мемлекеттік өміріне тікелей араласа жүріп, тарих жүктеген ауыр жүкті тұлға ретінде абыроймен атқарып кеткенін өскелең ұрпақ білуі тиіс. Республиканың мәдени-ағарту, оқу - педагогикалық, көркем әдебиет істерімен айналыса жүріп, өзінен кейінгі жастарды, болашақ әдебиет пен өнер қайраткерлерін тәрбиелеп өсіргені,олардың болашағына жол көрсетіп,қамқор аға болғаны бір тағылым екені анық. Өз заманының саясатына қызмет еткен ірі тұлғаның шығармашылық жолы,әдеби мұрасы жас ұрпақты қызықтырары сөзсіз. Колледж студенттері жарқын болашақ үшін күрескен азамат - ақынның өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып, архив документтері бойынша жасалған слайдтар мен видеофильмді ризашылықпен тамашалады. 2-курс студенттері өздері сұранып, ақынның кең тараған "Сыр сандық", "Тұлпарым", "Қырда", "Кел жігіттер"атты өлеңдері мен поэмаларынан үзінділер оқып, 3 курс студенті Н.Аршат "Тау ішінде" әнін әуелете шырқады. Азатшыл ақынның рухынан тағлым алып, нақты ісінен жастардың үйренері көп әрине. Арнайы ұйымдастырылған "Сәкен Сейфуллин – сыншыл азамат және ардақты ақын" атты кітап көрмесіндегі ақын шығармалары мен ақын жайлы жазылған Сәкен танушы ғалымдар шығармалары қысқа ғұмырын ұлтын, халқын сүюге арнаған тұлғаға деген жастар сүйіспеншілігін арттырып, оқып танысуға деген қызығушылығын оятып, ұлтжандылықтың ғажап үлгісін көрсеткен ақын шығармалары жастар жүрегінен орын алары сөзсіз.

Әдеби сағат соңында студенттерге кітапхана қызметкерлері кітапхананың жұмыс кестесі, оқырманға көрсетілетін қызмет түрлері, кітапхананың ресми сайты туралы түсінік берді.

Оқу залы кітапханашысы Айтбаева К.Т.