Әрбір  ұрпақтың  кітап оқу мен әдебиетке деген көзқарасы өз заманына байланысты өзгеруде.  Кітап таңдауы, қызығушылықтары, талғамдары ерекшеленеді. Компьютерлік технологиялардың дамуымен оқу форматы да өзгерді, енді электрондық түрде кітаптар, оның ішінде аудиокітаптар да қолжетімді. Мобильді кітап әрдайым қол астында, оны жүктеп алуға, оқуға, тыңдауға, досына жіберуге,  электронды кітапханаға сақтауға болады. Әр түрлі тақырыптағы әдебиеттердің қолжетімділігі жастар аудиториясын да оқуға тартады.

Қазіргі жастар не оқиды?

Біз кітап оқу туралы өз пікірлеріңізді бізбен бөлісе отырып "Оқу. Жастардың көзқарасы" атты  сауалнамаға қатысуды ұсынамыз.