Өнер туралы әдебиеттер бөлімі шақырады!

2019 жылдың 13 ақпан күні сағат 11.00-де кітапханамызда: "Сүйікті қалама сүйсіне қараймын!" атты шығармашылық кеш өтеді. Аталмыш шара Елбасының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауына байланысты және Қарағанды қаласының 85 жылдық мерейтойына арналады.

Шығармашылық кешімізге "Нұр-Әсем" сән үйінің дизайнері Н. Рыскулованың жаңа топтамасы мен "Үкілім" бастамасының қолөнер шебері Г. Кульмагамбетованың бұйымдары көрсетіліп, қаламыздағы өнер ордаларының: Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің, сонымен қатар, облыстық Бейнелеу өнер мұражайының қала өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген жас таланттары мен Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері қатысады.

Жиналғандар назарына Арқа өнері мен мәдениетіне және кеш қонақтарының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылады. Кеш барысында кеншілер қаласына арналған әуезді ән мен тәтті күйді тамашалай аласыздар.

Кеш жайлы ақпаратты Өнер туралы әдебиеттер бөлімінен білуге болады. Анықтама телефонымыз: 49-33-75