Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбында 2019 жылдың 1 ақпан күні сағат 15.00.-де дөңгелек үстел өтеді.

Шара барысында оқырман қауымға "Өнегелі өмір" сериясымен жарық көрген Қарағанды ғалымдарына арналған естелік кітаптардың, "Алаш қозғалысының тарихы", "Eurasian Book Fair - 2018" халықаралық көрмесінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған 5-7 сынып оқушыларына екі тілде арнайы құрастырылған "Өлкетану", "Краеведение" атты жаңа кітаптарының таныстырылымы болады.