Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_seyfulin_abonement is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_seyfulin_abonement is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2019 жылдың 25 қаңтар күні Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қарағанды көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжінде Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай, "Сәкен Сейфуллин – халқымыздың біртуар перзенті" атты танымдық кеш өтті.

Шара барысында халқымыздың аяулы ұлы, қазақ совет ақыны, жазушы, коммунистік мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің өркендеуіне өзіндік үлес қосқан жерлесіміз Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныту мақсатында кітап көрмесі мен презентация ұсынылды. Студенттер ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды. Аталмыш колледждің студенті Жылқышы Ұлжан Сәкен Сейфуллин жайлы қорғаған ғылыми жобасын көпшіллікке баяндап берді.

{gallery}material/news/2019_seyfulin_abonement{/gallery}

Сондай – ақ, Сәкен Сейфуллиннің ең үздік шығармаларының бірі саналатын "Тар жол тайғақ кешу" романы өзара талқыға түсіп, әртүрлі пікірлер айтылып жатты. Сай-сүйегіңді шымырлатып, жүрегіңді шым еткізер роман оқырманын бейжай қалдырмады.

Осындай рухани серпілістен соң көкірек көзі ашылып, өмірге сұлу көзбен қарағандай болдық. Эпикалық туынды мен трагедиялық әңгімеден соң  "Жыр – Жауһар" поэзия клубының ақындары акварельдің бояуындай, мөлдір тамшыдай өлеңдерін оқыды.

Абономент бөлімінің кітапханашысы Жоламан Төлеутайұлы