2018 жылдың 5 - қазан күні мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты кезекті жолдауын жолдады. Жолдау 5-қазанда БАҚ беттерінде жарияланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтардың күн көріс табысын көтеруді мақсат етіп қана қоймай, тұрмыс сапасын да жаңартуды қолға алатындығын атап көрсетті. Экономиканы қарқынды дамытып, бейбіт Қазақстанның одан әрі жандануын қолға алу қажеттігін де баса айтты.

Биылғы Жолдау ерекшелігін көпшілік оқырманға жеткізу мақсатында кітапханамыздың оқу залдары бөлімінде "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесіне Жолдауда көрсетілген жекеленген әр бөлім бойынша материалдар қойылды.

Кітап көрмесі Жолдауды терең түсіндіретін төрт бөлімнен тұрады:

Халық табысының өсуі

  • Тұрмыс сапасын арттыру
  • Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру
  • Тиімді сыртқы саясат

Сонымен қатар, Елбасы жолдауында  2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялады. Жастардың қолға алған істерін әрқашан қолдау, білім, қызмет саласындағы жұмыстарын ескеріп, жасалған еңбектеріне қарай санаттарын жоғарылату. "Мен жастарды қолдауды ұсынамын" деп Жолдау барысын да ескере айтып өткен болатын.

Жолдаудағы "Халық табысының өсуі" бөлімі Қазақстандағы күн көріс жағдайын жақсарту, оны дамыту жолдарын айқындау, бизнесті қолдаудың тұрақты көздерін қалыптастыру мәселелерін қарастырады.

Ал, мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту,педагогтардың мәртебесін көтеру туралы заң қабылдауды қолға алу, ғылым және медициналық қызметтер тақырыптарын ашатын деректер "Тұрмыс сапасын арттыру" бөлімінде. Халық тұрмысының болашақта оң баға беруіне ықпал жасау Жолдаудағы басты міндеттердің бірі болып табылады.

Келесібөлім "Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру" тұрғын үйге берілетін жеңілдетілген, қолжетімді ипотека, 7-20-25 бағдарламасын қолға алуды міндеттейді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының 21 - қараша күні жарыққа шыққан "Ұлы Даланың жеті қыры" атты мақаласы кітап көрмесінен орын алды.

Мақалада Ұлы даланың қасиетті жерлерін дәріптеу, қастерлеу, Ұлы даланың ұлы есімдерін болашақ жастардың бойына сіңіру ұлы мақсат болып табылады. Мақала екі бөлімнен тұрады:

  • Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт
  • Тарихи сананы жаңғырту

Аталмыш бөлімдерден бөлімнен халқымыздың салт-дәстүрі мағынасын ашатын, әр қазаққа патриоттық сезім сыйлайтынын байқауға болады.

Құрметті оқырман, Қазақстан халқының алға қойған мақсат-міндеттерімен Елбасы Жолдауы арқылы таныса аласыздар! Жолдаудан мол ақпарат алып, кітапханамыздан басқа да қажетті әдебиеттеріңізді алып оқи аласыздар!