Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/jyldyz is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/jyldyz is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

25 желтоқсан күні Халқымыздың қаһарман ұлы, Мемлекет қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшенов жүлдесіне арналған «Жылдың үздік ақыны» анықталатын жас ақындардың облыстық жыр мүшәйрасы өтті. Туған елін, туған жерін қорғауда ерекше ерлік көрсетіп, ұлтарақтай жерімізді ұрпаққа аман сақтап қалу жолында басын бәйгеге тіккен Алаштың біртуар перзенті, халқымыздың қаһарман ұлы Жұмабек Тәшеновтің өнегелі ісі, қайраткерлік жолы, асыл мұрасы ұрпаққа үлгі болары анық. Қатарынан жетінші рет өткізіліп жатқан сайыс – биыл да өз жалғасын тауып, дәстүрінен таңбады.

 «Жылдың үздік ақыны» жыр мүшәйрасына қадірменді қонақ ретінде Елордадан ақын, «Парасат» орденінің, Халықаралық «Алаш» сыйлығының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері - Несіпбек Айтұлы үздік ақынды анықтауға арнайы келіп, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Серік Ақсұңқарұлымен және басқа да қаламыздың қайраткерлерімен бірге осы байқауға қазылық етті. Әрине, мұндай жыр байқауына көздерінде оты жалындаған Жыр-Жауһарлықтардың қатыспауы мүмкін емес еді. Осыған дейін аталмыш сайыстың жеңімпаздары атанған «Жыр-Жауһар» поэзия клубымыздың мүшелері Жәнібек Әлиман, Жадыра Байбұланова, Рауан Қабидолдин, Айзада Рахымжанова, Жәлел Шалқар, Ерболат Қуатбек сияқты талантты ақындар болған еді.

{gallery}material/news/jyldyz{/gallery}

Аталмыш жыр байқауына қатысқан сегіз ақын сахнаға шығып, ең таңдаулы деген өлеңдерін оқыды. Биылғы байқау қорытындысы бойынша ұлт қайраткері Жұмабек Тәшеноватындағы 2018 жылғы жыр бәйгесінің бас жүлдесі «Жыр-Жауһар» поэзия клубының қос мүшесі, жас ақындарымыз Жоламан Әйткен мен Ерік Нарынның қанжығасына байланды. Поэзия клубының атынан ақындарымызды жауһар поэзияның додасындағы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер өнердегі ақындық жолдың тұтқасын ұстаған жас дарынсыздар! Үлкен құрметке ие Ж.Тәшенов сыйлығының жемісі - келесі жылы тұңғыш жинақтарыңыздың тұсауы кесілуіне бір қазақ боп куәгері болуға тілектеспіз! Әрқашан жолдарыңыз ашық болсын, шығар биігіңіз таусылмасын, қазақтың сөз өнерінің мерейін асырған Ұлы даланың біртуар ұлдарына айналып, руханиятымызды биіктете беріңіздер! Шығармашылықтарыңыз әлі де талай жеңіс тұғырларынан көрініп, халықтың шынайы ықыласына бөлене беретініне сеніміміз мол.

"Жыр-Жауһар" поэзия клубының жетекшісі Даденова Мадина Сағымбекқызы