Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018kesh is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018kesh is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

"Жыр-Жауһар" поэзия клубы ұйымдастырған шаралардың бірі 2018 жылдың 14 желтоқсанында Жамбыл атындағы мамандырылған мектеп-интернатында өтті. Кездесу кешіне облыс көлемінде танылып жүрген, республикалық, облыстық жыр мүшәйралардың жеңімпаздары, "Жыр-Жауһар"-дың алдыңғы буыны – Еркебұлан Елеусіз, Бауыржан Ерман, Абай Кәлім, Данияр Тәңірберген сынды ақындар қатысты.

Қонақтар алдымен білім ордасында бұдан бір жыл бұрын ашылған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының филиал мүшелерімен танысты. Жас өрендердің алған бағыттарын бағамдап, шығармашылықтарына сәттілік тіледі. "Жыр-Жауһар" поэзия клубы филиалы мүшелерінің жұмысымен танысқаннан кейін қонақтар мектеп мұғалімдерімен, оқушылармен кездесу өткізді.

Кездесу кешінде жас жыржауһарлықтар аға буын өкілдерінің нәзік те сыршыл өлеңдерін жатқа оқыды. Елімізге танымал ақындардың да жырларынан шағын қойылым қойылып, монолог оқылды. Жас "Жыр-Жауһар" клубының мүшелері мен оқушылары кеш қонақтарына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пайдалы әрі тұщымды жауап ала білді. Ақындар жүрек жарды өлеңдерін оқып, көрермендермен байланыс жасай білді. Абай Кәлім мен Данияр Тәңірберген "Жыр-Жауһар" поэзия клубының тек қана поэзиямен шектелмейтінін айтып, бард-ақын Табылды Досымовтың әндерін гитараға салып, көрермендерді бір серпілтіп тастады.

{gallery}material/news/2018kesh{/gallery}

Жалпы, кездесу өз миссиясын толық орындады. Алғашқы мақсат – "Жыр-Жауһар" поэзия клубының және оның Жамбыл атындағы мамандырылған мектеп-интернатының жанынан құрылған филиалының арасында шығармашылық тұрғысында мызғымас алтын көпір орнату.

Жас жыржауһарлықтар аға буын өкілдерімен көрісіп жүрекке жалын ұялатып шабыттанса, ақындар жастарға өздерінің лебіздерін білдіріп, қанаттарының талмауын тіледі. Әдебиет деген ортада буын сабақтастығы үзілмесе – "Жыр-Жауһар" мәңгі жасамақ!

Абонемент бөлімінің кітапханашысы Жоламан Төлеутайұлы