Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына 300 жыл толуына орай,25 сәуір күні кітапханамызда «Ұлы қасірет жылдары» атты тарихи сағаты өтті.

«Ұлы апат жылдары» - «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атауымен енген тарихи оқиға Ш.Құдайбердиевтің түсіндірмесіне сәйкес, «Жаяу-жалпы адамдардың ақ табан болғанша жүгіріп қашуы» делінген. Дәл сол жылдары қазақтың ең көне әні – жоқтау «Елім-ай» қазақ қайғысының символы ретінде дүниеге келді.

Шараның мақсаты – 1723-1727 жылдардағы Қазақстанның ең қайғылы кезеңінің тарихымен жастарды таныстыру, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру және қазақ халқының өткен тарихына құрмет көрсету.

"Аймақтық брендингті қалыптастырудағы кітапханалар" өңіраралық тәжірибелік семинары өз мәресіне жетті.

Семинарды Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. ЯндексТелемост https://telemost.yandex.ruплатформасында офлайн/онлайн форматында өткен аталмыш семинарда Ресей мен Қазақстан кітапханаларының тәжірибелері ұсынылды.

Кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу, ондағы сөздің, ойдың, түйінді тұжырымының құдіретін түсіну мен түйсіну, алған әсерлерді кейін өмірлік қажетіңе жарата білу. Бұл – әрбір адамның білігі мен білім деңгейін, пайымы мен парасатын, көреген кемел кісілігін ұдайы шынықтыра білудің озық та ұтқыр жолдарын айқындай алатын алғы шарттарының бірі.

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай кітапханада  «Өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбында диалог – кездесу өтті.

Кітапханамызда Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық суретшісі, киноактер, режиссер, хореограф Әубәкір Ысмайыловтың 110 жылдығына арналған «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты еске алу кеші өтті.

Қазақ өнерінің ардагері, өмір сұлулығын жанымен сезіне білетін, тыным таппас тамаша таланты мен бойына біткен сан алуан өнерімен дараланған дархан дарын.

Кеш барысында өнер иесінің қызы Г. Әубәкірқызы Алматы қаласынан арнайы дайындалған бейне сәлемін жолдады.

26 сәуір күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап кітапханасында «Аймақтық брендингті қалыптастырудағы кітапханалар» атты өңіраралық практикалық семинар өтеді.

Конференцияны Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырады. Семинарға Қазақстан мен Ресей өңірлерінің мамандары қатысады.

Қатысушылар кітапханалардың өңірлік брендингті қалыптастыруға қатысудағы практикалық мәселелерін, өлкетанулық ақпараттық ресурстарды құрастыру мен ілгерілету, кітапханалардың коммуникация орталығы ретіндегі орны мен рөлін талқылайды.

Семинардың екінші бөлімінде библиографиялық оқу құралын жасау технологиясы, электрондық каталог пен веб-ресурстарда кеңейтілген іздеу бойынша практикалық сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар, «Квестодел, Surprise Me, Joyteka: веб-квесттерді құрастыруға арналған қызметтер» тренингі ұйымдастырылады.

Бағдарлама

Ай кітабы