Күні кеше «Жыр-Жауһар» шығармашыл жастар орталығының ұйымдастыруымен, Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен үзеңгі қағысып жыр додасында қатар шауып келе жатқан жас ақындар Нұрдәулет Бақытұлы мен Тілеужан Ерқанатұлының кітапханамызда «Жалын. Жүрек. Жыр...» атты шығармашылық кеші өтті.
Іс-шараның басты мақсаты - өнер өлкесіне қанат қағып келе жатқан жас таланттарды қолдау. Аға буын мен жастардың арасында үзеңгілестік орнату. Жастарға замандастарын үлгі етіп көрсету арқылы, тұлғалық болмысын қалыптастыруға талпындыру.