Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_dni_kultury is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_dni_kultury is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2017 жылы 6 қыркүйекте сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында кітапхана қорына Арқа елінің рухани қазынасы болып табылатын –"Сарыарқа кітапханасы" сериясымен жарық көрген 100 томдықты, "Ә.Бөкейхан шығармалар жинағы" атты 15 томдық шығармалар жинағын, "Қаз дауысты Қазыбек би" атты екі томдық басылымды салтанатты түрде сыйлыққа тапсыру рәсімі өтті. Іс-шара "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесіндегі Қарағанды облысының мәдениет күндері аясында ұйымдастырылады.

Аталмыш шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, Астана және Қарағанды қалаларының зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ "Сарыарқа кітапханасы" антологиясына енген кейбір еңбектердің авторлары қатысты.

"Сарыарқа кітапханасы" маңызды әдеби жобасы "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен басылып шығарылды.

100 томдық антологиялық еңбекте 352 автордың еңбегі жинақталған. Әр томның тиражы 800 дана, барлығы 80 мың дана. Бұл жинаққа Бұқар Жырау, Қаздауысты Қазыбек биден бастап, Мәди Бәпиұлы мен Қасым Аманжолов сынды 20-ғасыр классиктерінің, сондай-ақ қазіргі заман ақын-жазушыларының еңбектері енген.

2016 жылы еліміздің және түркі әлемінің тарихындағы ұлы қайраткерлердің бірі, "Алаш" ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы әрі көсемі, саяси қайраткер Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында атап өткен болатын.

Ауқымды шаралар аясында Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен "Ә.Бөкейхан шығармалар жинағы" атты толыққанды 15 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Жинақ Астана қаласының "Сарыарқа" баспасынан 1000 данамен қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

{gallery}/material/news/2017_dni_kultury{/gallery}

Үстіміздегі жылдың тамыз айында Қаз дауысты Қазыбек бидің 350-жылдық мерейтойына орай Алматы қаласының "Мер-PRESS" баспасынан 5000 данамен "Қаз дауысты Қазыбек би" атты2 томдық мерейтойлық кітабы жарыққа шықты.

Бірінші кітабына негізінен облыстық "Орталық Қазақстан" газетінде бұрын-соңды жарияланған, архивтік құжаттар, ғылыми - тәжірибелік жұмыстар пайдаланылды.

Екінші кітап ретінде жерлес ғалым Жамбыл Артықбаевтың Ұлы Би мен оның заманы туралы тұңғыш рет танымдық тұрғыда жазылып, 2000 жылы жарық көрген "Қаз дауысты Қазыбек би" атты кітабы толықтырылып, басылып шықты.

Толығырақ бейнематериалда:

Хабар 24 телеарнасы

Хабар телеарнасы