23-24 маусым күндері Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» атты І аймақтық әдістемелік практикумы өтті. Аталмыш шара Балқаш қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана базасында өтіп, кәсіби кездесудің ерекше үлгісі болды.

Практикумның мақсаты – аймақтағы ақпараттық-библиографиялық қызметтің жағдайына талдау жасау, аймақта халыққа қызмет көрсетудің біріңғай заманауи кітапханалық-библиографиялық жүйені қалыптастыруға ықпал ету, пандемиядан кейінгі кезеңде даму векторын айқындау, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру.

Толығырақ...

2022 жылдың  14-15 сәуір күндері кітапханада кәсіптік оқыту Мектебі аясында ауыл кітапханашыларына арналған  «Мамандықты меңгеру» атты облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – арнайы кітапханалық білімі жоқ кітапханашыларды кәсіби қызметке бейімдеу.

Облыстық семинарға арнайы ауыл кітапханашылары шақырылды.

Кітапханалық кәсіби білімді шыңдау мақсатында семинар бағдарламасы бірнеше бағыттарды қамтыды.

14 сәуірде кітапханамыздың бөлім басшылары: «Кітапхана қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар. Кітапхана статистикасының көрсеткіштері» тақырыбында кеңес жүргізді. Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру қызметі бойынша «Кітапхана қорлары: есепке алу және есептен шығару» атты баяндамасы ұсынылды. Оқырмандарға қызмет көрсету бойынша «Оқырмандардың түрлі санаттарымен жұмыс істеу ерекшеліктері» жайлы таныстырылды. Ал, өлкетану жұмысының құжаттарын жинақтау және оны насихаттау туралы «Кітапханадағы өлкетану жұмысы» тақырыбында кеңес берілді.

Толығырақ...

2021 жылдың 10 желтоқсанында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен біздің кітапханада «Ақпараттық кеңістіктегі кітапханалардың даму үрдісі» атты VІ облыстық кеңейтілген семинар өтті.

Семинардың мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы облыс кітапханаларының жағдайын талдау, пандемиядан кейінгі кезеңдегі кітапханалардың даму стратегиясын анықтау, кітапхана кадрларын кәсіби қолдау және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Облыстық семинарға облыстық кітапханалардың, қалалық және аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің басшылары, «OrdaGen» жобасының атқарушы директоры Байдібек Нұрланұлы қатысты.

Толығырақ...

2021 жылдың 28 қазан күні біздің кітапханада кәсіптік оқыту Мектебі аясындағы жүйе техниктар секциясында «Кітап оқуды ілгерілетуде онлайн қызметтерді пайдалану» атты облыстық семинар өтті.

Семинар бағдарламасы инновациялық кітапханалық қызметтің барлық бағыттары бойынша өзекті мәселелерді қамтыды және өңірлердегі әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Толығырақ...

2021 жылдың 19 сәуір күні біздің кітапханада ZOOM платформасында кәсіби оқыту Мектебі аясында толықтырушылар секциясында «Сандық дәуірдегі кітапхана қорлары: дәстүрлі және электронды ресурстар, толықтыру, пайдалану» атты облыстық онлайн – семинар өтті.

Семинар жұмысына ҚР Ұлттық кітапханасының маманы, ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы және облыстық, қалалық және аудандық кітапханалардың кітап қорын толықтыру бөлімінің мамандары қатысты.

Семинардың модераторы Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК басшысының орынбасары Г.Н.Умбединова болды.

Толығырақ...