Биыл, 10 ақпанда кеншілер астанасы Қарағанды шаһарына 90 жыл толады.
Қарағанды қаласы – Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсіп саласында, индустриалды-инновациялық өндірістің дамуында маңызды қала болып табылады. Теміржол мен әуе жолының аса маңызды торабы, ғылымы мен мәдениеті дамыған қала, көптеген туристік-экскурсиялық желістердің қайнаған ортасы.
Шаһар тарихынан қысқаша мәлімет: Қарағандының 191 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н. Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды. Өндірілген көмір Спасск мыс қорыту зауытына тасылып тұрған.