Қазіргі таңда шетел тілін үйрену ауадай қажет екені баршамызға айдай анық дүние. Нарықтық жағдайда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде шет тілін оқытудың маңызы зор. Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапханадағы Жаз» акциясы аясында  балалар үшін қызықты ағылшын тілін үйрену алаңы жұмыс істеуде.Жылдан жылға балалар мен ата-аналардың біздің алаңға деген қызығушылықтары артуда. Балаларға арналған бұл шара олардың осынау ақпараттық әлемде адаспай, уақыттарын үнемді және пайдалы жұмсауға  бағытталған. Балалар  күнделікті өмірде қолданылатын сөздерді, жеке тақырыптық карточкалар бойынша мұғаліммен бірге оқып, тез арада есте сақтайды. Бастапқы деңгейдегі ағылшын тілін үйрену болғандықтан, сол деңгейге сәйкес сөйлемдер мен сөз тіркестерін құрастырады. Сонымен қатар, тілді американдық ойындар ойнау арқылы одан әрі шыңдай түседі. Балалардың сүйіп ойнайтын ойындары: Magformers, Contraptions, Bananagrams және т.б. Ойындарды ойнай отыра, түстерді, сандарды, сөз құрауды үйренеміз.

Толығырақ...

Кітапханымыздың Американдық бұрышына маусым айында іссапармен Қазақстандағы Американдық бұрыштарының директоры  Жанар Құлжаева келген болатын.

Іссапар мақсаты – қаламыздың Американдық бұрышының қызметкерлері мен атқаратын жұмысы, алға қойған жоспарларымен танысу.

Толығырақ...

Жаздың ыстық айлары келіп жетті. Жаз мезгіліне қарамастан кітапхана жұмысы өз қызметін жалғастыруда: кітап көрмелері безендіріліп, әңгімелер мен әдебиеттер шолуы өткізіледі. Өткен жылғы дәстүр бойынша «Кітаппен өткен жаз қызық!» бағдарламасы жалғасын табады. Әдеттегідей жаз мезгілінде кітапханашылар әртүрлі әдістемелік-библиографиялық құралдар, сонымен қатар атаулы даталар Күнтізбесін дайындаумен айналысады.

Шілде айына арналған іс-шаралар жоспары

Балалар мен ата-аналар назарына!!!

Жаз мезгілі келді, әдеттегідей ата-аналардың алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаз мезгілін қызықты өткізу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, білімдерін тереңдету сынды мәселелері туындайды. Осы сәтте Сіздерге кітаптар мен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының қызметкерлері көмекке келеді.  Жаз мезгілінде бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуге әр жастағы балаларды кітапханаға шақырамыз.

Толығырақ...

Биыл 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліске 100 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай кітапханада "1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: оқиғалар мен батырлар" атты көрме ұйымдастырылды.

Толығырақ...

Ай кітабы