Вопрос от: алтынай
Ответил: Ирина Сергеевна
Сәлеметсіз бе!
Язев Василий Иванович (1913-1999), құрылысшы, Соц.Еңбек Ері (1958). Мәскеу индустрия-құрылыс техникумын бітірген (1934). 1934-1959ж. «Балқаш құрылыс» тресінің прорабы, аға прорабы, өнеркәсіп учаскесінің бастығы, құрылыс басқармасының бастығы, трест басшысы. 1959-1979жж. Қарағанды облатком төрағасының орынбасары, 1979-1980ж «Қарағанды мебель» бірлестігінің бас директоры. КСРО Мин. Кеңесі сыйлығының лауреаты (1976). Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері. Оның құрметіне Қарағандының Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көше аталған және Интернационалист жауынгерлер көшесіндегі үйіне мемориалды тақта орнатылған.
1979 жылы 28 маусымда Қарағанды қаласының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы берілген.
Барлық толық ақпаратты қаламыздың құрметті азаматының 100 жылдық мерейтойына орай кітапханамыздың сайтының басты бетінде орналастырылған ақпараттар жиынтығынан ала аласыз.
Сұрағыңыз үшін рахмет!