Құрметті оқырмандар!

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Бір ел – бір кітап акциясы аясында таңдалған "Дауа" жыл кітабының авторы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайлы "Өлеңін аялаған өр ақын" атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеге ақынның қазақ және орыс тілдерінде шыққан жыр жинақтары, аудармалары  топтастырылған. Ақын шығармашылығы жайлы қалам тербеген сыншы қауымының мақалалары мен әр жылдары мерзімді басылымдарда жарық көрген ақынның мақалалары да жинақталған.

Ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген ұстаздар қауымы мен ізденіске құштар ақынжанды жастарды және барша оқырмандарды, қала тұрғындарын ақын поэзиясының әлеміне бойлап, сөз патшасы өлең нәрімен сусындауға шақырамыз.