2023 жылдың 20 қыркүйек күні Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Шеберлер клубының» 10 жылдығына арналған «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» облыстық Арт марафонының қорытындысы мен марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың мақсаты - кітапхана рөлін Қарағанды облысы тұрғындары буынының сұхбаттық әрі танымдық, шығармашылық қарым-қатынасы алаңы ретінде және ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Арт-марафонға Қарағанды, Саран, Абай қаласынан және Нұра, Шет, Қарқаралы аудандарынан 40-қа жуық шеберлер жұмыстарын жіберді.

Арт-марафон жеңімпаздарын анықтау жұмыстарына: ҚР суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Бейнелеу және дизайн кафедрасының аға оқытушысы - Қалмаханов Мадихан Сейтмаханұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, авторлық қуыршақ жасау шебері - Авилова Елена Вадимовна, көркем еңбек оқытушысы, кестелеу шебері - Қарашолақов Берік Амантайұлы қатысты.

Аталмыш шараның алғы сөзін кітапханамыздың басшысының міндетін атқарушы Умбединова Гаухар Нұрланқызы бастап, өз сөзінде «Сәндік-қолданбалы өнер арт-марафоны Қарағанды облысы халқының шығармашылық қарым-қатынасы, сәндік-қолданбалы өнердің ұлттық дәстүрлеріне қызығушылықты арттыру, тәжірибе алмасу, әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында достық байланыстар құру мақсатында өткізіліп отырғанын» атап айтты.

Шара барысында қазылар алқасының мүшелері: 7 номинация бойынша сәндік-қолданбалы өнер шебердің ұсынған бұйымдарының жеке шығармашылық ерекшеліктерін, эстетикалық келбеті мен кәсіби өзіндік ерекшеліктерін көрсете білді деп өз ойларын айтып кетті. Сонымен бірге облыстық арт марафон ұйымдастырушыларына, кітапхана ұжымына шараның жоғары деңгейде өткендігі туралы айтып, ризашылықтарын білдірді.

Арт марафонның қорытындысы бойынша: «Сәндік кескіндеме» номинациясының жеңімпазы Ким А.Г, «Көркем өрнектеу» номинациясының жеңімпазы Борщ О.В, «Киізден жасалған бұйымдар» номинациясының жеңімпазы «Шеберлер Клубы», «Ағаш ою» номинациясының жеңімпазы Оразгулов С.Б, «Авторлық қуыршақтар» номинациясының жеңімпазы Бамбах А.А, «Зергерлік бұйымдар мен аксессуарлар» номинациясының жеңімпазы Хизил Б, «Тоқу және кестелеу» номинациясының жеңімпазы Скорикова М.П атанды.

Сонымен қатар 23 қатысушыға он мың, бес мың көлемінде қаржылай сый-сияпаттар, кітаптар мен ынталандыру сыйлықтары табысталып, көпшіліктің таңдауы бойынша «Көрермен көзайымы» сыйлығы Шет аудандық қатысушы Кейкина Ферузаға бұйырды.

Салтанатты шараға қатысқан қаламыздағы жоғары Гуманитарлық колледжінің 4 курс студенттері Санақбай Жәнібек пен Бейсенұлы Диһнат, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің 1 курс студенті Акеева Аяжан әнмен шашу шашып, көрермен ықыласына бөленді.

 

Өнер туралы әдебиеттер
бөлімінің басшысы: Опанкулова Б.З.