Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды әмбебап ғылыми кітапханасы 2023 жылдың 25-26 қыркүйегінде «Кітапхана - шекарасыз» ашық есік  күндерін жариялады.

Біз әрқашан қалада және одан тыс жерлерде тұратын барлық жастағы, әртүрлі әлеуметтік ортадағы оқырмандарға ашықпыз.

Кітапхана игі дәстүр бойынша оқу жылы басында бірінші кезекте жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттеріне, жалпы білім беретін мектептер мен гимназиялардың жоғары сынып оқушыларына кітап қазыналарын ашып, әлеуетті оқырмандарды сервистік және ақпараттық қызметтер туралы хабардар ете отырып, есігін айқара ашады.

Сонымен қатар, біз қаланың барлық тұрғындарын осы күндері кітапханамызға шақырып, Ашық есік күнінің ойын-сауық және танымдық бағдарламасына қатысуға шақырамыз.

Бағдарламада:

  • «Гоголевкаға асығыңыздар!»: ақпарат уақыты
  • «Ойнай отырып, ойла»: викторина ойыны
  • «Кітап басқатырғышы»: book game
  • «Мәңгілік мұра»: кітап керуені
  • «Біздің Қазақстан»: блиц-сауалнамасы
  • «Жаңа кітаптар»: библиофреші
  • «Жасырын кездесу»: кітап дресс-коды
  •  «Өнердегі тұлғалар»: арт викторинасы
  • «Ізгі тілектер»: тілек бұрышы
  • «Мәңгілік мұра», «Мерейтойлық кітаптар», «Мир в книгах»: тақырыптық кітап көрмелері.

Сондай-ақ, біздің тұрақты оқырмандарымызға 18 – 26 қыркүйек күндер аралығында «Ұмытшақ» оқырман» акциясы жарияланады. Қандай да бір себеппен кітаптарын тапсыруын кешіктірген оқырмандар бар болса осы уақыт аралығында кітаптарын айыппұлсыз тапсыра алады.

Келіңіздер! Біз сіздерді күтеміз!