[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_pulsvremeni1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы шығармашылық зиялы қауым өкілдері және қаламыздың талантты жастарының қатысуымен "Өнерлі жастар – ХХI ғасырдың басты тұлғалары" атты кездесу кешін өткізді.
Кеш барысында жас өнер иелеріне "Тәуелсіздік құрдастарының армандары орындалды ма?", "Олар нені армандайды?", "Олар қазір немен айналысуда?" сынды сұрақтар қойылып, сұхбат жүргізілді.
Іс-шара Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Б.П. Бекмұрзаевтың құттықтау сөзімен басталды.
Кешімізді жалғастырған музыкант, вокалист, балалар музыка мектебінің педагог мұғалімі Р.А. Ахметовтың үздік шәкірті, V ашық қалалық "Vivat, талант!" ән айту конкурсының бас жүлдегері, Халықаралық қайырымдылық "Рух" конкурсының І орын иегері, "Көктем сыңғыры" V қалалық фестиваль - конкурсының "Эстрадалық ән айту" номинациясының, "Күзгі әуен" Халықаралық фестиваль - конкурсының, "Тұлға" Халықаралық байқау – фестивальдарының І дәрежелі лауреаты Рымтаева Айдананың құлақтан кіріп бойды алар әсем әндері қонақтарымыздың жүректерін жылытып, көңілдерін сергітті.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің мәдени мұрасы туралы жалпы тарих, археология және этнография бөлімінің меңгерушісі Д. Т. Шашенов әңгімелеп берді.
Бүгінгі жас ұрпақтың рухани дүниетанымына, өмірге деген көзқарасына, ойталғамының оңды қалыптасуына ықпал ететін рухани азықтың бірі – театр өнері. Осы салада аянбай еңбек етіп, жаста болса үлкен үлесін қосып жүрген, С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының режиссерінің көмекшісі Н.Н. Сланбекова өзінің мамандығы туралы айтып, адам әрекетінің түпкі мақсаттарының бірі – бақытқа жету, арманды жүзеге асыра білу құпиялары туралы сөз ететін "Армандар орындалады!" атты кітабын кітапханағасыйға тартты.
Сахналық шығармашылықтың өлшемі – спектакль С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театрының жанынан құрылған Б. Киікбаевтың студиясының актерларының орындауындағы Иран Ғайыптың "Қорқыттың көрі" спектаклінен қойылған үзінді көрермендердің рухани жан дүниесіне ерекше үлкен әсер қалдырса, К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрының жас актрисасы А. Мартинс театр әлеміндегі өзінің армандары жайлы сұхбаты көрермендер көңілінен шықты. Бейнелеу өнері туралы, оның қыр-сыры жайында, жас суретшілердің шығармашылық әлемдегі сезімдерінің көрінісі туралы Қарағанды қаласының суретшілер Одағы Жастар қанатының мүшесі Дәурен Көшен әңгімелеп берді.
{gallery}/material/news/2016_pulsvremeni1{/gallery}
Күй өнерінің кемел биігіне жетіп, әлемге қара домбыраның үнін әуелетіп, сарқылмас асыл қазынамызды сусындатып, ұлттық рухымызды асқақтатып жүрген жас күйші М.Б. Анықбеков өзінің төл туындысын орындап, алға қойған арман, мақсаттары жайлы айтып өтті. Кеш барысында №1 балалар музыка мектебінің мұғалімі Е.З. Узалинның жетекшілігімен дайындалған, қобызшы Е. Бауржанқызы мен күйші М.Б. Анықбеков орындауларындағы әдемі әуен көпшіліктің көңілінен шықты.
{gallery}/material/news/2016_pulsvremeni2{/gallery}
Кешіміздің құрметті қонағы К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрының актрисасы, кітапхананың тұрақты оқырманы Т.А. Федоренко жас дарын иелеріне өз лебізін білдіріп, шын жүрегімен игі тілектер тіледі.
Кеш соңында кітапхана директоры Д.Б. Аманжолова қонақтар мен қатысушыларға алғыс хат табыстап, шексіз ризашылығын білдірді.