2015 жылы 15 қазан күні  Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қабырғасында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен қазақ және әлем мәдениетінің көрнекті қайраткері, ұлы ақын, философ және ағартушы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған "Дананың сөзі – ақылдың көзі" атты ең үздік кітапханалық блог облыстық байқауының қорытындысы жарияланды.

Байқауды өткізудегі басты мақсат – жаңа сандық ортада Абай шығармашылығын кең тарату, Интернет желісінде қазақ тілді контенттерді дамыту, кітапханалық блог құруды дамыту, кәсіби біліктілікті жоғарлату.

Кітапханалар блогы байқауын өткізу идеясы бекерден бекер туындамаған. Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы әлеуметтік желілерде облыс кітапханаларын алға жылжытуда және кітапханалық блог құру жұмыстарын дамытуда белсенділік танытып келеді.

Байқауға Жезқазған, Қаражал, Сәтпаев, Нұра, Саран, Шахтинск, Ақтоғай, Шет, Осакаров, Теміртау, Жаңаарқа орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкрелері мен зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапхана қызметкерлері қатысты. Байқауға 16 блок ұсынылды. Облыстық байқауға қатысушылар қатарында жаңа ақпараттық технологиялардың дамуына жауап беретін облыстың кітапхана мамандары, қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері мен әдіскерлері болды.

Байқауды өткізу үшін үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді: Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы сайтында жарияланған кітапхана блогы байқауы туралы Ереже жасалды, кітапхананың оқу орталығында оқыту тренингтері өткізілді, блогты ұйымдастыру туралы ұсыныстар жасалды. Барлық дайындық кеңес жұмыстарын ОӘҒК-ның кітапханаларды дамыту бөлімінің мамандары өткізді.

Байқау 5 номинация бойынша жарияланды:

  • Абай туралы ең үздік тақырыптық блог. Бұл номинацияда 7 блог ұсынылды.
  • Абай туралы  ең үздік ауылдық блог – 4 блог
  • Абай туралы ең үздік балалар мен жасөспірімдерге арналған блог – 1 блог
  • Абай туралы ең үздік дәстүрлі емес блог – 4 блог.

Байқау қорытындысында мәдениет және өнер мекемелерінің жұмыстарын қамтамасыз ету бөлімінің бастығы К.Т. Ашкеев, "Индустральная Караганда" газетінің мәдениет және білім бөлімінің меңгерушісі О.И. Моос, Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК директоры Д.Б. Аманжолова және онлайн дауыс беру көмегімен жұмыс жасаған талғампаз мамандар аудиториясы байқауға қатысушылардың жұмыстарына баға берді.

Қорытындылау кезеңінде байқауға қатысушылардың әрқайсысы өз блогтарының презентациясын жасап, алдағы уақытта әлеуметтік желілерде блогтың дамуы және қазақ тілді контенттің кеңеюі туралы айтып берді.

Әділ қазылардың талқылауынан соң жеңімпаз атанған Нұра, Ақтоғай, Қаражал, Шет және Жезқазған ОКЖ-на дипломдар мен құнды сыйлықтар (ноутбуктер мен планшет-трансформерлер) табысталды, ал  байқау лауреаттары Жаңаарқа, Саран, Осакаровка, Шахтинск ОКЖ мен зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапханасы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен (ақпарат жинақтаушы) марапатталды.

Жаңаарқа ОКЖ Ералиев ауылының, Теміртау, Сәтпаев ОКЖ-ның кітапхана филиалдарына, Осакаровка ОКЖ Молодежный кентінің балалар кітапханасы байқауға қатысқаны үшін алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, онлайн дауыс беру  нәтижесі бойынша интернет қолданушымен белсенді диалог жүргізгені үшін зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапханасының тифлопедагог-реабилитолог С.А.Фалежинский және әлеуметтік желілерде блогты алға жылжытудағы белсенділігі үшін Нұра ОКЖ автоматтандыру секторының меңгерушісі Курунцева Екатерина Анатольевна алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Мереке соңында байқау қатысушылары Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапханасы алдағы уақыттарда да кәсіби байқаулар, конференциялар, жазғы интернет-тренингтер және басқа да оқыту шараларын ұйымдастырады деген тілек-ниеттерін білдірді.

Фото-бейне қорытындылары