Назар салыңыздар!

2014 жылдың 10 желтоқсаны күні кітапханада қаламыз үшін бірегей оқиға -– Поэтикалық батл өтеді.

Сөз өнерінің керемет тартысына куә болғыңыз келсе, 2014 жылдың 10 желтоқсаны күні сағат 15.00-де қаламызда тұңғыш рет өткізілетін Поэтикалық батлға асығыңыз!

Қаламынан жыр кестесі төгілген, жүйрік ойлы, өнерлі де дарынды жастарды осы шараға белсенді қатысуға шақырамыз. Өлең оқумен қатар, шешендік өнеріңіз бен импровизациялық өнеріңізді көрсетуге осы жерде үлкен мүмкіндік туады.

Поэтикалық батлдың ережесімен танысып, поэзия жекпе-жегінің өтуіне өз үлесіңізді қосыңыз!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған

"Тәуелсіздік белесі – ЭКСПО-2017" поэтикалық  батлды өткізу

ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты:

  • Тәуелсіз Қазақстан халқының қол жеткізген жетістіктерін дәріптеу арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру

Міндеті: 

  1. Жастар мен жеткіншектердің шығармашылық дағдыларын жетілдіру;
  2. Поэзияға  қызығушылығын қалыптастыру;
  3.  Талантты жастарды ынталандыру;
  4. Қазақстан тарихы бойынша білімдерін зерделеу,
  5. Туған өлкемізге деген сүйіспеншілікерін арттыру.

Өткізілетін күні2014 жыл 10 желтоқсан күні сағ. 15.00 де

Өткізілетін орны: Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК-сы, Ерубаев к, 44 үй, оқу залы

Қатысушылар:

  1. Поэтикалық батлға Қарағанды қаласының ЖОО мен колледждерінің талантты жастары шақырылады.
  2. Шараға әр түрлі ұлт өкілдері әртүрлі тілде шығарылаған туындыларымен қатыса алады.

Қатысу үшін қойылатын талаптар:

  1. Қатысушының аты-жөні 5 желтоқсанға дейін хабарлануы тиіс.
  2. Қатысушы шығармашылық биографиясы туралы шағын ақпарат береді.

Өткізу тәртібі

Шара 3 кезең бойынша өтеді:

  • I кезең. "Жыр-тұғырым Тәуелсіздік" (Өлең шығару) Әр қатысушы ішіне шығармашылық тапсырманың тақырыбы  берілген конвертті таңдап алады және белгілі болған тақырып бойынша 8 минут ішінде өлең шығаруы тиіс. Уақыт біткен кезде барлық қатысушылар бір мезетте жұмыстарын тоқтатады.
  • II кезең. "Жаңа дәуір энергиясы" (Үй тапсырмасы) Қатысушылар "ЭКСПО – 2017" көрмесі туралы өз өлеңдерін оқиды. Өлең көлемі 20 жолдан аспауы тиіс. Қазылар алқасына өлеңнің баспа әріптерімен терілген нұсқасы беріледі.
  • ІІІ кезең. Өлең-арнау. Барлық қатысушыларға бір тақырып беріледі. Дайындық -5 минут

Шығармаларды іріктеу өлшемі:

  1. Қатысушының сыртқы келбеті;
  2. Мәтін мазмұнының тақырыпқа сәйкес болуы;
  3. Оқу мәнері;
  4. Орындау шеберлігі назарға алынады;
  5. Көркемдік дәрежесіне көңіл аударылады.

Жеңімпаздарды іріктеу тәртібі:

  1. Ең жоғары ұпай – 10
  2. Әр кезеңге жеке ұпай беріліп, жеңімпаз қорытынды ұпай арқылы белгіленеді;
  3. Жеңімпазды қазылар алқасы айқындайды.

Ынталандыру:

Жеңімпаздарға дипломдар мен алғыс хаттар тапсырылады, өлеңдері кітапхана сайтында жарияланады.

Қатысушылар басқа тұлғаның авторлық құқығын бұзса өзі жауап береді.

Қазылар алқасы ұйымдастырушылардың ұсынуымен тағайындалады. Олардың шешімі түпкілікті және ол талқыланбайды.

Байланыс ақпараты:

  • 100008, Қарағанды қ., Ерубаев көшесі, 44 үй
  • e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  • http://karlib.kz
  • факс: 8(7212)567-655
  • телелефон: 8(7212)493-375

Орындаушылар: Абеуова Бакыт Казалиевна, Лебедов Олег Владимирович