Шашубай кент,Ақтоғай ауданындағы Шашубай кентінің орталығы. Кент Балқаш көлінің солтүстік жағалауында, Балқаш қаласынан 7 км жерде орналасқан. Алғашқы балық бригадалары топтасып, Шашубай кентінің іргетасы 1936 жылы 15 наурызда «Балық алауы» станциясы ретінде қаланған.1937 жылы Қарағанды-Балқаш темір жол құрылысы аяқталғаннан кейін халық көп топтасып,Балқаш мемлекеттік балық өндірісі тресі ашылды. 1939 жылы 7 наурызда «Рыбтрес» поселкісі деп аталады. 1940 жылы базада мұздатқыш салынып,Балқаш қалалық кенесіне қараған. 1977жылы жаңа Приозерный ауданы құрылып, орталығы Озерный поселкасы болды. 1993жылы Тоқырауын ауданы болып өзгертілді .1997 жылы Тоқырауын ауданы таратылып,Шашубай қонысы Ақтоғай ауданы, Шашубай кенті деп аталды .Халқы ұлт өкілдері:қазақ, ұйғыр,неміс, орыс, кәріс, өзбек, қырғыз,армияндар.Жерінің жалпы ауданы 3000га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі саласы-балық аулау. Шашубай кентінде мектеп, клуб,кітапхана, Ода, ірі «Балқашбалық»ЖШС фирмасы басқада мәдени тұрмыстық мекемелер. 

Шашубай кент кітапханасы 1977жылы ашылып Приозерный аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі болып аталды,1997жылы екі ауданың қосылуына байланысты Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Шашубай кент кітапханасы болып тағайындалды. 2008 аудан әкімінің тарапынан  қаулы  шығып  Шашубай кент №9 үлгілі кітапхана мәртебесіне ие болды.

Кентте – 2395 адам тұрады.

Кітап қоры – 66836 дана. Оның қ/тіліндегісі – 24669 дана

Жаңадан мысалы 2012 жылы 607 дана кітап түсті. Оның қ/т -519 дана

Жылына 36 атаулы мерзімді басылымдар алынады. Оның ішінде газеті- 20; журналы- 16

Осылардың ішінде оқырмандар барлық дерлік журналдарды сүйіп оқиды. Ал газеттерден:

Жас Алаш  , «Казахстанская правда», «Егеменді Қазақстан» газеттерін, Ақ босаға  заңдар мен басқа да құжаттарды қарауға алады.

Тоқырауын тынысы, Орталық Қазақстан, Айқын, Ана тілі, Дала мен қала, Қазақстан заман т.б.

 Бақылау көрсеткіштер: Оқырман – 150, Келіп-кетуші- 17495, Кітап берілімі – 29600 толығырақ