Биылғы жылы жерлесіміз, қазақтың бұлбұл әншісі күлаш Байсейітованың 110-жылдық мерейтойы.

Ерекше дарын иесін ұлт болып ұлықтау мақсатында кітапханамызда бүгін «ӘН ПЕРІШТЕСІ – КҮЛӘШ!» атты әдеби сазды кеш өтті.

КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Күләш Байсейітованың шығармашылығына арналған кітап көрме мен облыстық Бейнелеу мұражайының қорынан қыл қалам шеберлерінің әншімізді бейнелеген картиналары қойылып, қалың оқырманға таныстырылды.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қаламы қарымды журналист, ҚР мәдениет қайраткері – Сүйіндік Жұмабайұлы Жанысбай ағамыз әдеби-сазды кештің құрметті қонағы болып, әншінің өмірі мен шығармашылығына тоқталды.

Кешке көрермендер әр оқу орнынан жиылды. Айта кетер болсақ Қарағанды Гуманитарлық колледжі, Тәттімбет атындағы өнер колледжі және  «Өрлеу»  Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының жас манадары келіп, кеш қонағына көкейлерінде жүрген сан сауалды қойып, мардымды жауаптарын алды.

Әдеби-сазды кеште Тәттімбет атындағы өнер колледжінің дәстүрлі жас өнерпаздары және кітапханамыздың іргесінен құрылған «Жыр-Жауһар» шығармашылық орталығының мүшелері өнер көрсетті.