Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылдың 15 желтоқсан күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дүйсен Қорабайұлы Қасейіновтің қатысуымен Түрксой басылымдарын Қарағанды қаласы кітапханаларына табыстау рәсімі өтті.

 

Ресми табыстау рәсіміне Қарағанды қаласының қазақ зиялылары, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері және кітапханашылар қатысты оның ішінде: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «ХХ ғасырдың ғұлама адамы», Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Т.Ә.Көкетаев, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Б.С.Рахымов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Н.Нүкенов, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Қ.Жұмакенов, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері, тележурналист Ә.М.Тойжігітов, Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының директоры, «Арқа ақшамы» газетінің Бас редакторы Жанат Жаңқашұлы және т.б.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында А.Құнанбайұлының, Ж.Жабаевтың, М.Мақатаевтың, О.Сүлейменовтың, т.б. қазақтың классик ақын-жазушыларыныңбиылғы мерейтойларына орай Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы басып шығарған 24 кітап-альбомының 200-ге жуық данасы Қарағанды қаласының облыстық және қалалық кітапханаларына тарту етілді. Оның ішінде үш тілде жарияланған Қазақстан үшін емес, барлық түркі дүниесі үшін маңызды ұлы тұлғалары туралы «Абай», «Үш Арыс», «Олжас Сулейменов», «Шыңғыс Айтматов», «Қалам мен қағаздың махаббаты» сынды кітаптар бар. Қарағанды кітапханаларының кітап қоры осындай құнды кітаптармен толықтырылғанына кітапханашылар және кітапхана оқырмандары да қуанышты.

Кітаптарды салтанатты сыйға тарту рәсімінде жергілікті басқару билік өкілдері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар құттықтау сөз айтып, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, «Ұлағат» шығармашыл жастар клубының жетекшісі, Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ «Студенттер үйі» директорының м.а. Бектас Жұман А.Құнанбайұлының бірінші қара сөзін, Ж.Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінің 2 курс студенті Айым Айдын ақын М.Мақатаевтың «Сәби ана» өлеңін мәнерлеп оқып шараның ажарын келтірді. Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі, Республикалық байқаулардың лауреаты Қ.Ыбышев ақын Ж.Жабаевтың сөзіне жазылған «Жетісу» әнін орындап жарқын көңіл күй сыйлады. Қарағанды қаласының ардагер ұстазы К.Т.Төлеуханова Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы» өлеңін оқып, өзінің лебізін, алғысын білдірді. Кеш соңында қонақтар «Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының басылымдары қойылған кітап экспозициясын тамашалады.

 

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшы орынбасары:  Умбединова Г.Н.