Тәкен Әлімқұлов және қазақ прозасы = Такен Алимкулов и казахская проза: библиографиялық жадынама/ Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Б.Ш. Куртбаева, Н.О. Искакова – Қарағанды, 2018. - 12 б.

Ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың туғанына 2018 жылдың 22 қарашада 100 жыл толады.

Тәкен Әлімқұловтың жиырмаға жуық кітап жазды. Солардың ішінде әдеби зерттеулер, әдеби - сын мақалалары, өлең, проза туралы жазды.

Ақын ретінде танылған Тәкен Әлімқұлов төл әдебиетіміздің қайнарынан, арғы-бергі шетел әдебиетінен сусындай жүріп әдебиет сынына, одан соң прозаға ат басын бұрған. Қай салада қалам тартса да ол шығарма ұстындарының бірегейі – тіл деп білді. Тілдің тазалығына, нәріне баса назар аударды. Халқымыздың бай тілдік қорынан молынан сусындады. Тілге деген көзқарасты Тәкен әдеби сын мақалаларында, зерттеулерінде үнемі байқатып отырады.

Туған әдебиетіне тұп-тура жарты ғасыр адал қызмет еткен, қаламы қолынан түскенше тек қана жақсы шығармалар жазған Тәкен Әлімқұлов шын мәнінде соңына қымбат мұра қалдырды". "Халықтар достығы" орденімен марапатталған (1978 ж.).

Жадынамада қазақ және орыс тілдерінде батырдың өмірбаяны, шығармашылығы  туралы баяндалып, кітаптар, мақалалар тізімі ұсынылған.

Жадынама көпшілік оқырманға арналған.

Ұлтын сүйген ұлы жүрек: Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл: библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Б.Ш. Куртбаева, Н.О. Искакова – Қарағанды, 2018. - 15 б.

Кеңес Үкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі Мағжан Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді.

Мағжан қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен. Көрнекті жазушы, ақын, публицист, Алаш қозғалысының қайраткері. Мағжан Жұмабаев туғанына 2018 жылдың 25 маусымында 125 жыл толады. Қазақ әдебиетінің тарихында Мағжан Жұмабаев көп қырлы талант иесі, жаңашыл ұлт ақыны, зергер жазушы, педагог ғалым, кемел ойлы әдебиетші ретінде халқының жүрегінде мәңгілік сақталмақ.

Осы айтулы датаға орай, Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Ұлтын сүйген ұлы жүрек" атты библиографиялық жадынама дайындады.

Жадынамада қазақ тілінде Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны, шығармашылығы туралы баяндалып, кітаптар, мақалалар тізімі ұсынылған.

Жадынама көпшілік оқырманға арналған.

Ғафу ғұмыры: библиографиялық жадынама / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Н. О. Искакова. – Қарағанды, 2018. - 9 б.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы, ақын Ғафу Қайырбековтің туғанына 2018 жылдың 15 тамызында 90 жыл толып отыр.

Ғафу Қайырбековтің әдеби мұрасын жіктеу: поэзия, проза, публицистикалық мақалалары болып табылады.

Ғафу Қайырбеков - Қазақстанның Халық жазушысы (1992 ж.), Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының иегері (1980 ж.), Халықтар Достастығы орденімен, "Еңбек ерлігі үшін" медальмен марапатталған.

Осы айтулы датаға орай, Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Ғафу ғұмыры" атты библиографиялық жадынама дайындады.

Жадынамада қазақ тілінде батырдың өмірбаяны, шығармашылығы  туралы баяндалып, кітаптар, мақалалар тізімі ұсынылған.

Жадынама көпшілік оқырманға арналған.

Қазақстан Республикасының 2019 жылы аталып өтілетін және еске алатын күндер күнтізбесі / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Н.О. Искакова. – Қарағанды, 2018. – 19 с.

Жыл сайын Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының ұмытылмас, тарихи күндеріне арналған қазақ және орыс тілдерінде күнтізбе шығарады.

Күнтізбеде елімізге танымал ақын-жазушылардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ғалымдардың, саясаткерлердің, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің 2019  жылы атап өтілетін мерейтойлы даталары қамтылған.

Сонымен қатар, басылымға тарихи оқиғалардың күндері мен Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелері күндері енгізілген. Мерейтойлы даталарды атап өтуде өзіндік көмегін тигізеді деген мақсатта Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК қорынан табылатын әдебиеттер тізімі ұсынылған.

Күні мен айы белгісіз айтулы даталар бөлек беріліп, оларға да әдебиеттер тізімі жасалған.

Күнтізбе материалы әр айға бөлініп, онда жалпы тізім бойынша орналастырылған.

Басылым көпшілік қауымға, мамандарға, студенттер мен оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне, кітапханашыларға арналған.

Хас батыр Қасым Қайсенов: библиографиялық жадынама / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Б. Ж. Куртбаева, Н. О. Искакова – Қарағанды, 2018. –14 б.

Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсенов туғанына 2018 жылдың 23 сәуірінде - 100 жыл толады.

Осы айтулы датаға орай Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Хас батыр Қасым Қайсенов" атты библиографиялық жадынама құрастырды.

Жадынамада қазақ және орыс тілдерінде батырдың өмірбаяны, шығармашылығы туралы баяндалып, кітаптар, мақалалар тізімі ұсынылған.

Жадынама көпшілік оқырманға арналған.