2020 жылы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. С.О.Телпекбаева. – Қарағанды, 2019. – 83 б.

Ұсынылып отырған «Өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы» атты библиографиялық әдебиеттер көрсеткішінің кезекті шығарылымы 2020 жылға араналған. Басылым «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламаларын жүзеге асыруына мүмкіндік жасауын мақсат етіп отыр.

Бұл көрсеткішті Н.В.Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы 1971 жылдан бастап жыл сайын құрастырып шығарып келеді.

Көрсеткіште облысымыздың тарихындағы, экономикасы мен мәдениетіндегі көрнекті даталарға, белгілі қоғам қайраткерлерінің, Қарағанды облысының дамуына үлкен үлесі қосқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, атақты жерлестер мен азаматтарының мерейтойлық даталарына қысқаша анықтама жазылып, әдебиеттердің ұсыныстық тізімі беріледі.

Күнтізбенің мазмұны қоғамдағы адамгершілік және рухани құндылықтарының нығаюына, Отаны мен туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталған.

Толығырақ...

Біз туралы және біз кітапхана жайлы... = О нас и мы - о библиотеке...: Кітапхананың 85-жылдығына арңалған библиографиялық әдебиеттер тізімі / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Л.С. Карпунина, И.С. Иссык. – Қарағанды, 2019

Бес жыл бұрын кітапхананың 80 жылдығында жарияланған «Біз – кітапхана туралы, олар – Гоголевка туралы» библиографиялық нұсқаулықтың екінші нөмірін сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Кітапхананың 85 жылдығына арналған бұл нұсқаулыққа оның қызметі туралы және 2014 жылдан бастап Қарағанды облысының мәдениетін дамытуға үлес қосқан адамдар туралы, кітаптар мен мерзімді басылымдардан алынған кітаптар енген.

Мақалалар қазақ және орыс тілінде ұсынылған.

Өлкенің мәдениетін қызықтыратын қалың оқырман қауымына жол тартады.

Алаштың маңдай алды арысы: Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл библиографиялық жадынама/ Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Н.О.Искакова. – Қарағанды, 2019. – 11. б.

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған "Алыптар тобындағы" ірі ақын, көрнекті суреткер және драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 2019 жылдың 15 қарашасында 125 жыл толып отыр.

Бейімбет Майлиннің ширек ғасыр ішінде жазған таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық, шығармалары біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына. Оның көркем шығармалары халық арасына кең тараған. Әдебиетіміздің барлық жанрындағы шұрайлы шығармалары оның жомарт дарыны мен жаңашылдық ізденімпаздығының жемісі. Жазушының әдеби мұрасы - халқымыздың аса бағалы мәдени игілігі, әлі талай ұрпақтың қызыға оқитын рухани қазынасы.

Толығырақ...

Тарихқа жанасу : тың игерудің 65 жылдығы  = Прикосновение к истории : к 65 летию начала освоения целины : библиографиялық жадынама/ Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. И. С. Иссык, Н. О. Искакова, Б. Ш. Куртбаева – Қарағанды, 2018

ХХ ғасырдың 50-жылдары кеңестік елдерде, соның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны КСРО ғана емес, бүкіл дүние жүзінің ауыл шаруашылығында орын алған үлкен серпіннің бірі болатын. Осыдан тура 65 жыл бұрын орманы жайқалған, өзен-көлге бай, аң-құсы сайран салған еліміздің солтүстігіне жаппай соқа түсе бастады.

Алты онжылдықты артқа тастаған осы бір тарихи кезең туралы аз жазылған жоқ. Осы тақырыпқа бізде қалам тербеп отырмыз. Тың эпопеясы еліміздің экономикалық әлеуетін көтеріп, ауылдардың еңсесін түзеп, жастардың еңбекке деген құлшынысын, жігерін арттырды.

2019 жылы Қазақстандағы тыңның игерілгеніне 65-жыл толып отыр. Әр жылдары тың игеру тарихы жайында жарық көрген кітаптар мен баспасөз беттеріне жарияланған мақалаларды негізге ала отырып, Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облысының әмбебап - ғылыми кітапханасы сіздерге «Тарихпен жанасу» библиографиялық жадынаманы ұсынып отыр.

Библиографиялық жадынама қазақ және орыс тілдерінде әріптік ретпен ұсынылған. Жадынама еліміздің тарихына қызығатын әрбір оқырманға қызықты әрі пайдалы.

Қазақ халқының атақты ұлы: Ілияс Жансүгіровтің туғанына – 125 жыл = Славный сын казахского народа: Ильясу Жансугурову – 125 лет : библиографиялық жадынама/ Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Б. Ш. Куртбаева, А. К. Исина. – Қарағанды, 2019

"Қазақ поэзиясының Құлагері" деп мойындалған, ақын, тамаша прозаик, драматург, сатирик, қоғам қайраткері, өнертанушы. Оқырманның қиялына поэзия арқылы қанат бітірген, ұлттық өнерді насихаттауға барынша күшін салған - Ілияс Жансүгіровтің туғанына 2019 жылдың 1 мамырында 125 жыл толады.

Қазақ Сәкен, Ілияс, Бейімбет үшеуін бөле-жармай, "Үш бәйтерек" деп, тұтас атаған, төбесіне көтерген.

Ілияс Жансүгіров қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын арқауы болды.

Осы атаулы күнге орай Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Қазақ халқының атақты ұлы" атты библиографиялық жадынама құрастырды.

Толығырақ...