Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын!

Қай халықтың музыка аспаптары болмасын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан дүниесін, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен, әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына орайласа туындауынан пайда болған. Адам болмысының сөзбен, ән-өлеңмен айтып жеткізуге болмайтын сырлы саз, әуен үнін, күрделі сезімдерін сыртқа шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған.

Жалпы қазақтың ұлттық музыка аспаптарының саны өте көп болған. Қазақтың музыка аспаптарын түбегейлі, жеріне жеткізе зерттеген ғалым Б. Сарыбаевтың айтуынша жер-жерлердегі мұражайлар қорлары мен экспозицияларда  қазақтың 400-ден астам көне музыкалық аспаптары сақтаулы. Тек Санкт–Петербург этнографиялық мемлекеттік мұражайы қорында 50-ден астам ұлттық музыка аспаптары бар.

Қазақтың ұлттық музыка аспаптары сонау ұлы ғалым бабамыз Әл-Фарабиден бастап, Ш. Уәлиханов, Абай, Ә. Марғұлан, А. Жұбанов т.б. ғалымдар мен өнер адамдарының назарынан тыс қалып көрген жоқ. Абай әсіресе, ең сирек кездесетін музыкалық аспаптарды жинауға назар аударған. Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайында үш ішекті екі домбыра, қияғы тым қарапайым екі қылқобыз, сыбызғы және асатаяқ сақталған.

Қазіргі күні ұлттық музыкалық аспаптарға деген сұраныс артып келеді. Жастардың көбі қазір домбыра мен қобыздан басқа да ұлттық аспаптар бар екенін біліп келеді.

Қадірменді оқырман, назарларыңызға ұсынылып отырған Сарыбаев, Б. Қазақтың музыкалық аспаптары [Мәтін] = Казахские музыкальные инстурменты : Авт. Сарыбаев Б. - Алматы : Жалын, 1978. - 136 б альбомда қазақтың көне аспаптары жайлы әңгімеленеді.

Осы аспаптардың сүйемелдеуімен орындалған атақты "Құрманғазы оркестрі" атты электронды диск та біздің кітап қорымызда сақтаулы. Бұл дискден халық қазынасына айналған оркестрдің тамаша туындыларын халық композиторлары Құрманғазының "Сарыарқа", "Адай", Дәулеткерейдің "Қос алқа", Динаның "Әсем қоңыр", Тәттімбеттің "Сарыжайлау" т.б. күйлерін тыңдай аласыздар.

Туа-бітті музыкалық сауаты жоғары, халық композиторларының көптеген күйлерін қобыз бен домбырада алғаш рет орындап, оркестрге түсуіне дәнекер болған, ел арасында ұлттық аспаптарды дәріптеп келген жобаның дирижері әрі көркемдік жетекшісі – А.Қ. Жұбановтың бұл жолда еңбегі орасан зор екені баршамызға мәлім.

Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi сiздердi асыға күтеді!

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Алпысбаев, Қ.  Поэма және сюжет [Мәтін] : көмекші оқу құралы / Қ. Алпысбаев. - Алматы : Қазақ университеті, 1992.

Есламғалиұлы, М.  Ғұмырнамалар мен ғибратнамалар [Мәтін] / М. Есламғалиұлы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2001.

Жұбанов, А.  Ғасырлар пернесі [Мәтін] / А. Жұбанов. - Алматы : Дайк-Пресс, 2002.

Кенжалиев, И.  Қос ішек : Құрманғазы, Тәттімбет [Мәтін] / И. Кенжалиев ; ред.  Р. Алтынбекова . - Алматы : Өнер, 1990.

Күй қайнары [Мәтін] = Голоса народных муз / құраст.: А. Райымбергенов, С. Аманова. - Алматы : Өнер, 1990.

Мұра [Мәтін] / құраст. М. Сәрсекеев. - Алматы : Жазушы, 1990.

Мүсіреп, Е.  Әлемге әйгілі оркестр [Мәтін] : деректі-суретті тарихи шежіре / Е. Мүсіреп. - Алматы : Елнұр, 2005.

Сатаев, А.  Замана әпсаналары [Мәтін] / А. Сатаев. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2006.

Сиқырлы шымылдық [Мәтін] : көп актілі пьесалар жинағы / құраст. Қ. Мұхамеджанов. - Алматы : Өнер, 1981.

Тарақты, А. Қазақтың әйгілі күйшілері: ІX-XX ғасырлар [Мәтін] : [альбом-кітапша] / А. Тарақты; сурет.: Н.Т.Жэренчиев, Г.С Искакова. - Алматы : Қазақстан, 1992.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) [Мәтін] : ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш = Курмангазы Сагырбаев (1818-1889) : Рекомендательный библиографический указатель / құраст. Б. Қ. Оспанова, А. Т. Толбаева, Ш. Б. Үсенбаева. - Алматы : [б. ж.], 2005.

Сахарбаева, К. Атырау ән-күй мұхиты [Мәтін] / К. Сахарбаева. - Алматы : Дайк-Пресс, 2001.

Келіңіздер! Көріңіздер! Оқыңыздар! Тыңдаңыздар!