2015 жыл республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы бойынша І. Есенберлиннің "Көшпенділер"  атты тарихи трилогиясы Қазақстанда қалың оқырман қауымға жыл кітабы болып ұсынылды. Ол биылғы қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Баршаңызға мәлім, осы романның желісімен 2005 жылы Қазақстан мен Франция кинематографистері бірігіп "Көшпенділер" тарихи фильмін түсірді. Фильм қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы XVIII ғасырдағы азаттық соғысының желісімен құрылған. Фильмнің негізгі кейіпкерлері – Әбілқайыр хан, Абылай хан, Төле би, Калден Церен сынды тарихи тұлғалар. Ал бас кейіпкер Абылай хан атын иеленген – батыр Мәнсүр.

Кітапханамыздың қорында осы фильмнің қазақ және орыс тіліндегі электрондық нұсқасы бар. Тарихқа, оның ішінде қазақ хандығының құрылу тарихына үңілгісі келетін, жалпы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай мәдениетіне қызығушылық танытатын оқырманды Өнер туралы әдебиеттер бөліміне "Көшпенділер" фильмін тамашалауға шақырамыз.

Келіңіздер! Көріңіздер!