Құрметті оқырмандар!

Биылғы мерейтойлы тарихи даталар ішінде ең айтулы оқиғалардың бірі — Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы.

Жыл басынан еліміздің барлық түкпір-түкпірінде ардагерлерімізді құрметтеуге, олардың ерліктерін жас ұрпақтың жадында мәңгі сақтап қалуға бағытталған әртүрлі игі шаралар ұйымдастырылуда.

Осы орайда, соғыс және тыл ардагерлерінің құрметіне арналған шараларыңызға көмек құралы ретінде болатын "Қалықта, қаһарман ән" және "Лейся, песня победы" атты әндер жинағынұсынамыз.

Сонымен бірге, электрондық ресурс көзі болып табылатын екі CD дискіні де пайдаңызға жаратады деген ойдамыз. Сұрапыл соғыс кезіндегі танымал әндер Ә. Дінішев пен Д. Назарбаеваның орындауында ұсынылады.

 

Ашық аспан аясында мерекелік әндер қалықтай берсін. Шараларыңызға көмекші болатын кітапханамыздың есігі әрқашан ашық. Келіңіздер,оқыңыздар!

Днишев, А.   Песни военных лет [Электронный ресурс] : [сборник] / А. Днишев. - Алматы :LaserMaster, 2000. - 2 эл. опт.диск (CD-ROM).

 Песни Великой Отечественной войны из репертуара Дариги Назарбаевой [Текст] : [сборник]. Вып. 2 / сост. Т. А. Урманчеев ; ред. А. А. Тлеубергенов. - Алматы : Гуманитарный фонд "Дегдар", 2011. - 75 с.