Назар аударыңыздар!!!
Құрметті өнер сүйер қауым!

 

  Сырым да – осы,

Жырым да – осы,

Алдымда!

Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махандар жоқ,

Махандардың сарқыты –

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Мұқағали Мақатаев

Кітапхана қоры әруақытта жаңа әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен және заман талабына сай электронды нұсқалық басылымдармен толықтырылып отырады. Бүгінгі күні электронды кітаптар оқырмандардың сұранысына ие. Сондықтан осы сынды  басылымдармен кітап қорын толықтыру, әрине, басты міндеттің бірі болып табылады.

Осыған орай, Сіздердің назарларыңызға "Абырой" - қазақ мәдениеті мен тілін дамыту қорының бастамасымен "Жыр-ғұмыр" жобасында жарық көрген алғашқы электронды кітапты ұсынамыз. Бұл кітап ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған.

Қазақ поэзиясындағы айтулы тұлғалардың бірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы жайлы біліп, қалаған тақырыбындағы жырларды таңдап оқу мүмкіндігіне ие боласыздар.

 "Жыр-Ғұмыр" жобасымен жарық көретін электронды кітаптардың бір ерекшелігі – "Алтын қорда" сақталған автордың өз дауысымен оқыған өлеңдерін тыңдай аласыздар, сонымен қатар танымал театр тарландарының оқуында да ақынның шығармашылығын тыңдауға болады.

Құрметті оқырман! Егер ақиық ақын Мұқағалимен жақынырақ табысқыңыз келсе – кітапханамыздың өнер туралы әдебиеттер бөліміне келіп, электронды кітапты алып, ақынмен қауышыңыздар. Ұмытылмас сәттер бірі болатынына кәміл сенеміз.

Келіңіздер, оқыңыздар, тыңдаңыздар!

Ал егер М. Мақатаев туралы дәстүрлі түрдегі ақпарат қажет болса, кітаптар мен мерзімді басылымдар бетіне шыққан мақалалар Сізге көмекке келеді. Назарларыңызға осы ақпаратты да ұсынамыз:

 Кітаптар:

  • Алпысбаев Қ. Поэма және сюжет : Көмекші оқу құралы / Қ. Алпысбаев, 1992. - 124 б.
  • Бегманова Б.С. М. Мақатаев лирикасының ұлттық сипаты : автореферат / Бегманова, Б.С., 2006. - 26 б.
  • Егеубаев А. Сөз жүйесі : (Сын мақалалар мен портреттер) / А. Егеубаев, 1985. - 272 б.
  • Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары : Зерттеу / Б. Кәрібаева, 2001. - 312 б.
  • Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасы  : жанрлық-стильдік мәселелері. Оқу құралы / Б. Кәрібаева, 1993. - 312 с.
  • Мақатаев М. Шығармаларының төрт томдық жинағы. 1-том : Өлеңдері мен поэмалары, 2001. - 448 б.
  • Мақатаев М. Шығармаларының төрт томдық толық жинағы. Т. 4 : Әңгімелер, повестер, пьеса, мақалалар, аударма, естелік, лебіздер, 2002 б.
  • Мұқағали : Естеліктер / Құраст. А. Әбдіқалов, 1995. - 224 б.
  • Мұрагер  : ғылыми-мәдени әлманах. №1 / ред. А. Қасымжанов, 1992. - 96 б.
  • Нарымбетов Ә. Қазіргі қазақ поэмасы  : зерттеу / Ә. Нарымбетов, 1982. - 245 б.
  • Он ғасыр жырлайды  / ред. М. Игілік, 2006. - 408 б.
  • Хамидуллаев К. Мұқағали Мақатаевтың ақындық шеберлігі  : автореферат дис. ...  / К.Хамидуллаев, 1993. - 26 б.

 Мақалалар:

  • Ағыбаева Ж. Есіңе мені алғайсың  // Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. - 2007. - №2. - 8-9  б.
  • Асқар О. "Болашаққа" // Мұқағали. - Алматы, 2013. - № 5/6. - 23-25 б.
  • Асқар О. Тау өзені  // Мұқағали. - Алматы, 2013. - № 7/8. - 77-80 б.
  • Болатбай Н. Жанға жақын жырлары  // Қазақ тілі мен әдебиеті. - Алматы, 2013. - № 3. - 124-126 б.
  • Дәуренбекова Л. Уолт Уитмен және Мұқағали Мақатаев  // Әлем әдебиеті. - Астана, 2013. - № 4. - 209-212 б.
  • Жақып Б. Ақын рухы - ұлт рухының ажырамас бөлшегі : ақын Б. Жақыппен әңгіме  // Мұқағали. - Алматы, 2013. - № 7/8. - 9-21 б.
  • Жақсылықов Ж. Ақын даңқы - Алаштың даңқы // Мұқағали. - Алматы, 2013. - № 5/6. - 60-62 б.
  • Кеңшілікұлы А. Мұқағали // Таң-Шолпан. - Алматы, 2013. - № 4. - 68-90 б.
  • Мәжитұлы Б. Оқырман ешқашан алданбайды : "Мұқағали" журналының бас редакторы Б. Мәжитұлымен сұхбат / сұхбаттасқан А. Исәділ // Мұқағали. - Алматы, 2013. - № 5/6. - 104-112 б.
  • Мамықова А. А. "Поэзияның Хантәңірі - Мұқағали" // Тәрбие сағаты. - Алматы, 2013. - № 1. - 35-36 б.
  • Мырзабекова А. Мен өмірді жырлау үшін келгенмін  // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл. - Алматы, 2013. - № 3. - 30 б.
  • Хамидуллаев К. Ақынның эпикалық құлашы  // Мұқағали. - Алматы, 2013. - № 9/10. - 21-46 б.

Құрметті оқырмандар! Біртуар ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен тереңірек таңысқыларыңыз келсе және өнер туралы әдебиеттер бөлімінің жұмысы туралы тілек-талаптарыңыз болса, біздің кітапхананың сайтына  karlib.kz жазуларыңызға болады.

 Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi Ciздердi асыға күтеді!

Келіңіздер! Оқыңыздар!