Кітапхананың жаңа ғаламтор-жобасы «Қаз дауысты Қазыбек би»  виртуалды энциклопедиясы – дала данагөйі, қазақ руханиятының көрнекті өкілі, қоғам және мемлекет қайраткері Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған.

Қаз дауысты Қазыбек бидің ата-тек шежіресі, туып өскен ортасы, ел басына қаралы күн туған зұлмат кезеңдегі қайраткерлік еңбектері жайлы баяндайтын «Қаз дауысты Қазыбек би» энциклопедиясы ғаламтор пайдаланушылар үшін қызықты әрі пайдалы болады деп ойлаймыз.

Себебі аталмыш тұлғалық энциклопедиядан кемеңгер би туралы кітапхананың сандық форматқа көшірілген ресурсына қол жеткізуге болады.

Энциклопедиялық ресурс «Ұлы даланың кемеңгері», «Қоғамдық қызметі», «Өнегесі - өлмес мұра», «Баба тәбәрігі», «Ескерткіштер – ел тарихы», «Мерейтой кітаптары» атты бөлімдерден тұрады.

Баба мұрасына арналған ғаламтор-ресурстағы қажетті мағлұматтар әр түрлі дерек көздерінен жиналды, оның ішінде электрондық және дәстүрлі каталогтар, анықтамалық және библиографиялық баспалар қорынан алынды.

Бұл жоба мамандарды, тарихшыларды, оқытушыларды, өлкетанушыларды, Қаз дауысты Қазыбек би туралы білгісі келетін барлық жұртшылықт, Қазыбектану ілімімен айналысатын жатарды қызықтырады деген сенімдеміз.

Баба мұрасы – ұрпаққа  ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына. Халықаралық елшілік, дипломатиялық саясатта биік белеске көтерген – Қаз дауысты Қазыбек бидің орыны айрықша. Ендеше, құрметті оқырман! Бұл жоба жайлы өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды білдіріп, Қаз дауысты Қазыбек би туралы деректермен бөлісуге болады.

Кітапхананың өлкетану әдебиеті бөлімі қызметкерлерінің дайындаған жаңа жобаға Ақ Жол!