Сыртланов Моллаяр Исламгарейұлы
(1923-1944)
Сыртланов Моллаяр Исламгарейұлы 1923 жылы Башкирияда туған. 1941 жылы Қарағандыда №2 Федоров көмір разрезінде жұмыс істеді. 1942 жылы соғысқа аттанды. 161-ші дивизияның, 569-шы атқыштар полкінің құрамында шайқасты. 1943 жылы 23 қыркүйекте Днепр жағалауында үлкен ерлік көрсетті, алдыңғы саптағы отряд құрамында өзеннің оң жағалауына өтіп (Букринск плацдармы), жаудың қарсы шабуылына тойтарыс бергеннен кейін ортядымен Киев облысы Зарубенцы селосын жаудан азат етті.
Ленин орденімен және медальдармен марапатталған. Көрсеткен ерлігі үшін 1943 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылы Винница маңында болған ұрыста қаза тапты.
Әдебиеттер:
Сыртланов Моллаяр Исламгарейулы (1923-1945) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 94 б.
Сыртланов Муллаяр Исламгараевич // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 231 б.
Сыртланов Муллаяр Исламгараевич // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / гл. ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 117-118 б