Паньков Иван Кириллович

(1925)

Паньков Иван Кириллович 1925 жылы Донецк облысы Карповка селосында туған. 8 класты аяқтағаннан кейін Артемьевк қаласынан, Қарағанды облысы Осакаровка ауданының Батпақ кентіне көшіп келді. Әскерге Тельман ауданынан шақырылды. Свирь өзенінен өтудегі көрсеткен ерлігі үшін И.К. Паньковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 21 маусымда Кеңес Одағының Батыры атағы алды.

Соғыстан кейін Львовск пединститутын бітірді. Кейінгі жылдары Мәскеуде тұрып, КСРО Геология министірлігінде жұмыс істеді.

Әдебиеттер:

Паньков Иван Кириллович (1925) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 92-93 б.

Паньков Иван Кириллович (22.6. 1925) // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 194 б.

Паньков Иван Кириллович // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы/ бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 97-98 б.

Паньков Иван Кириллович // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 53-54 б