Жаңаарқа  ОҚЖ 25 ауылдық кітапхана бар, үлгілі кітапханалар саны - 9.

Кітапхана қоры. 9 модельді кітапханалар қоры 118735, қазақ тілінде 78635, 2012 жылы 4324 дана кітап, 2951692 теңгеге қаржыланды.

Электронды басылымдар қоры үлгілі кітапханаларда 83 дананы құрайды.

Бақылау көрсеткіштері. 2012 жылы үлгілі кітапханалар 11471 оқырмандарға қызмет көрсетті, оның ішінде электронды қызметті қолданушылар саны 4000, кітап берілімі 231961 дана, келушілер саны 117516.

Үлгілі кітапханалардағы интернет. Жаңаарқа ауданының барлық үлгілі кітапханалары телефонмен және 8 үлгілі кітапхана интернетпен қамтылған. ADSL Megaline технологиясы бойынша 2 кітапхана, WLL CDMA – 1 кітапхана, «Зона Интернет» қызметіне (коммутированный)- 5 кітапхана. Барлық үлгілі кітапханалар электронды поштамен жұмыс істейді.

2007 жылдан 2012 жыл аралығында барлық үлгілі кітапханаларда күрделі жөндеу жүргізілді.

Үлгілі 9 кітапханадағы клубтар: «Арай», «Даму» жастар клубы, «Атамекен», «Өлкетану», «Отбасымен оқимыз», «Маржан» жастар клубы, «Денсаулығымыз-байлығымыз» қызығушылық клубы, «Қазақтың салт – дәстүрі», «Жас отау», «Жас толқындар жырлайды», «Жас ақындар» үйірмесі , «Қолөнер» қызығушылық клубы, «Өлкетану» үйірмесі.

2012 жылғы шыққан өнімдер (продукция): «Күміс көмей, әнші Күләш апай – 100 жаста» ұсыныс тізімі, «Конституция күні – мемлекеттік мереке!» буклет, «Спорт – денсаулық кепілі» ұсыныс тізімі, Ж.Мағзымұлы «Жаңаарқа әншілері» буклет, «Жаңа кітаптар» буклет, «СПИД – ке жол жоқ!» буклет, «Нұрлы Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан» буклет, «Азат қозғалысының басшысы Наурызбай батыр – 190 жаста» ұсыныс тізімі, «Сматай батырдың туғанына 145 жыл» ұсыныс тізімі, «Шылымды тастап, денсаулық ұтып ал!!!» буклет, «Сыр сандықты ашып қара» буклет, Саясат. Саяси ғылым туралы, Қазақстан Республикасының заңдары туралы, Өнер және Мәдениет туралы, Тарихи мәліметтер жинағы, Қазақстан ғылымдары туралы, Денсаулық сақтау, Медециналық ғылымдар туралы, С.Сейфуллин туралы тарихи деректер, «Ұлы Жеңіске – 65 жыл», «Жаңаарқадан шыққан ғалымдар» туралы, Қазақстан Республикасындағы кәсіптік мерекелер мен айтулы даталар күні, «Қазақ спорты» туралы, «Жолдауға қолдау» туралы, «Тәуілсіздікке 20 жыл», Тіл туралы, Дін имандылық туралы т.б.

  •