Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_svetkali is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_svetkali is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Кітапханамызда жұмыс жасайтын "Жыр-Жауһар" поэзия клубының жастары қашанда жаңашылдыққа, ерекшелікке, тағылымды кештерге әуес. Бойларына жақсы ілім мен білімді жинау үшін еліміздің арда азаматтарымен кездесу ұйымдастыруға әрдайым талпынып жүреді.

Міне, күні кеше "Жыр-Жауһар" поэзия клубының белді мүшесі, аймақтық "Арқа ақшамы" газетінің бас редакторы Жанат Жаңқаш бастаған жастардың шақыруымен кітапханамызда ақын, Төлеген Айбергенов атындағы жастар сыйлығының лауреаты, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері Светқали Нұржанмен "Ай таранған түн" атты кездесу кеші өтті.

Кеш тізгінін танымал айтыскер ақын Тілеген Әділов өз қолына алды.

Сонау Маңғыстаудан ат терлетіп, Арқадағы оқырманымен кездесуге келген ақын ағамыздың кешінде С. Ақсұңқарұлы, Ж. Жарылғап, Қ. Асан, А. Жұмағұловтар кеш қонақтары қатарынан орын алды. Арқа төсіне келген үлкен қонаққа ақиық ақынымыз С. Ақсұңқарұлы жүрек жарды лебізін білдіріп, қаламдас қаламгер жайлы естеліктерімен бөлісті.

{gallery}material/news/2019_svetkali{/gallery}

Алысты жақындатқан ақын ағамызға жол серік те, інілік қамқорлық та көрсету ниетінде бірге келген "Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестивальінің Гран-При және президент кубогының иегері, "Құлан ауған" жыр жинағының авторы Ербол Алшынбай да жиылған қауымды өзінің поэзиясымен сусындатты әрі жастарға өнеге ретінде ақын боп қалыптасуында Светқали Нұржан, Серік Ақсұңқарұлы, Есенғали Раушановтың поэзисының рөлі туралы айтып өтті.

Кеш Светқали ағамыздың оқыған өлеңдері мен айтқан қызықты оқиға-әңгімелерімен әсерлі өрбіді. Кеш бойына С. Мұсайын, М. Тілегенұлы, С. Жүнісов ақын Т. Досымовтың әніне жазылған Светқали ақынның әндерін орындап, "Жыр-Жауһарлық" жастар ақын өлеңдерін оқып, шараны әрлендіре түсті.

{gallery}material/news/2019_svetkali1{/gallery}

Кешке арнайы келген ел ағалары ақынға шығармашылық өрлеу жолын тілеп, сый-сияпаттарын ұсынды. Жиналған қауым ақынмен естелік суретке түсу мүмкіндігін де қалт жібермей, ақынға ізгі тілектерін де жеткізді.