Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_Zentr_znaniy116.01.19 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_Zentr_znaniy116.01.19 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2019 жылдың 16 қаңтарында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының базасында орналасқан заманауи Білім Орталығында,  "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастыруымен "BILIMFEST" ашық есік күні өтті.

Бұл іс-шараның басты мақсаты - кітапхана жүйелерін жаңғырту және оны жетілдіру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жастардың оқу мәдениетін және кешенді даму деңгейін көтеруіне назар аудару.

BILIMFEST шарасының бағдарламасына сәйкес жастар арасында "Заманауи қазақстандық білім беру жүйесіндегі педагогтың орны" тақырыбында Республикалық дәріс өткізілді, "Book dating" - кітаптармен танысты, "Анаға апарар жол" фильмін тамашалап, талқыға салды. 

Іс-шараға Қарағанды гуманитарлық колледжінің, Қарағанды политехникалық колледжінің студенттері, №92 мен №41 мектеп-гимназияларының, №52 мен №63 мектептерінің жоғары сынып оқушылары белсенді қатысты.

{gallery}material/news/2019_Zentr_znaniy116.01.19{/gallery}

Қазіргі таңдағы өзекті мәселені талқылауға "Нұр Отан" партиясының ҚОФ төрағасының бірінші  орынбасары Қ.Б.Оспанова,  Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім Академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, техника ғылымдарының кандидаты С.С. Контаев, "2018 жылдың жас ұстазы" номинациясы бойынша Қарағанды қаласы әкімінің "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты К.К.Акеділова қатысты.

Қатысушылар кітап сүйер жастардың арасында өзектілікке ие болған "Book dating"- үш кітапты таныстыру сияқты іс - шараның қазіргі заманғы формасына қызығушылық танытты. "Book dating" барысында жастар ұйымдарының белсенді өкілдері қатарынан шақырылған қонақтар: спикерлер ҚарМУ ЖІК (Жастар ісі жөніндегі комитеті)  маманы, "Жас Отан" ЖҚ белсендісі А.Б.Кабергенов, ҚарМУ заң факультетінің аға оқытушысы Н.С.Тернова, Қарағанды қ. ЖРО (Жастар Ресурстық орталығы) бөлім басшысы А.А.Фрибус қатысушыларға өздерінің сүйіп оқитын кітаптары туралы әңгімелеп, алған әсерлерімен бөлісті, шығарманың қысқаша мазмұнымен және цитаталармен таныстырды.  

{gallery}material/news/2019_Zentr_znaniy16.01.19{/gallery}

Ашық есік күнінің қорытынды бөлімінде "Movie club" жастар отырысы өткізілді. Келушілер мен қатысушылардың назарларына Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" тарихи драмасы ұсынылды.