Биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» акциясына 2019 жылға екі кітап таңдалынып алынды. Бірі жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы,екіншісі ақын Әбділда Тәжібаевтың өлеңдері. Бұл кітаптар оқырман назарына жыл бойы насихатталатын болады.

Акция аясында кітапханамызда көптеген іс-шаралар жоспарланып, аталмыш кітаптар жан-жақты насихатталуда.

Ал, ағымдағы жылдың шілде айының 2 жұлдызы күні кітапхана қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» акциясына таңдалған екі автордың үздік шығармаларын қала тұрғындары мен қонақтарына инфо-брейк акциясы арқылы таныстырды.

Инфо-брейк мақсаты – акция арқылы оқырмандарымыздың кітапқа деген ынталарын ояту, қызығушылықтарын арттыру, кітапхана өмірінен хабардар ету болып табылады.

Бұл ретте кітапхана жастары үш топқа бөлініп, қаламыздың бас көшелері Бұқар Жырау мен Н.Назарбаев даңғылы, Гоголь көшелерінің тұрғындарына акция тарихы, кітапхананың ұсынатын қызметтері туралы қысқаша мағлұмат беретін ақпараттық парақшалар дайындап, таратты. Шара барысында топ мүшелері әр түрлі жас шамасындағы тұрғындармен сұхбаттасып, акция жайында сұрақтар қойды.

Сондай-ақ, қыры мол ірі дарын, сыншы, тарихшы - Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай жазушы жайында нақты жазылған парақшаларда назардан тыс қалмады.

«Бір ел – бір кітап» акциясын білетін оқырмандар кездесті. Яғни, биылғы жылға таңдалған авторлардың шығармаларын оқуға келетіндеріндері көз қуантып көңіл толтырар дүние. Жастардың кітапханаға деген оң көзқарастары барын байқай алдық. Акция туралы  толығымен білігісі келген тұрғындарды кітапханамыздың оқырманы болуға шақыру қағаздарын тараттық.

Көпшілік арасынан кітапханамызға тілекші болып, біздің ұйымдастырып отырған шарамызды одан әрі жалғастырып, жас ұрпаққа қазақ әдебиетін ұлықтап, танытуды дәстүрге айналдырған дұрыс деген қолдаушылар да табылды.

Құрметті оқырман қауым, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында іс-шаралар әлі де жалғасын табады. Біздің оқырман болуға асығыңыздар!

Оқу залдары, кітапханашы
Мақпал Жанат