Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_read_cityKZ is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_read_cityKZ is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2019 жылдың 13 маусымында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы ғимаратының жанында «Жазғы Оқу қаласы» өз жұмысын қайта бастады.

Ашық аспан астындағы «Жазғы Оқу қаласы» кітап бағалаушыларының барлығын бір жерге жинады. Кітап оқу дегеніміз – демалу, рахат алу, ой өрісін байыту және кеңейту. Кітап арқылы жаңа таныстар мен достар табуға болады. Оқырмандарымыздың талғамына байланысты әртүрлі кітаптар ұсынылды. Олар қазақстандық, ресейлік және шетелдік авторлардың көркем туындылары, мемуарлар, салалық әдебиеттер, балалар әдебиеті, сондай-ақ журналдар.

 

{gallery}material/news/2019_read_cityKZ{/gallery}

«Жазғы оқу қаласының» жұмыс уақыты сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 11:00-ден кешкі сағат 16:00-ге дейін. Кез-келген адам ешбір кедергісіз біздің кітапхананың пайдаланушысы бола алады.

«Жазғы оқу қаласы» акциясының жетінші маусымы Қарағанды қаласының 85 жылдығына және Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының құрылғанына 85 жыл толуына арналды.

Ашық кітап алаңында көңілді музыка ойнады, әндер шырқалды. Оқу қаласына ересектер де, балалар да келді. Балалар бірден ойындар ойнады, викториналарға, байқауларға қатысты, би биледі, жұмбақтар шешті. Ауа райы да тамаша болды. Алаңға 130-дан астам балалар мен ересектер жиналды. Бір сөзбен айтқанда, мереке сәтті өтті,бірінші кітап күнін барлығы көңілді қарсы алды!

Сонымен қатар, 17 маусымнан бастап дүйсенбі және сәрсенбі күндері кітапханада кішкентай білімқұмарлар үшін әр түрлі шығармашылық алаңдары жұмыс істейтін «кітапханадағы жаз» акциясы ашылады.

«Жазғы оқу қаласының» бірінші күнінде екі жүзден астам кітап пен журнал берілді. Күні бойына кітапхана тұсынан өтіп бара жатқан адамдар тоқтап, ашық аспан астында кітаптар мен журналдарды оқыды,ұнаған кітаптарды өзімен бірге алып, облыстық кітапхана қызметкерлеріне жақсы қарым-қатынастары үшін алғыстарын білдірді.