Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_kasym is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_kasym is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Тағы да Қасым есімі ұлықталып, ақындық мәртебесі биіктеп, қазақтың рухы асқақтады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін Қасым оқулары болашақ ұрпақтың бойында өр рух пен әдеби төңкерілістің туындауына түрткі болып келеді.

2011 жылы Қасым Аманжоловтың ғасырлық тойы қарсаңында өршіл ақынның еңселі ескерткіші бой көтеріп, ашылу салтанатында облыстық ауқымда Қасым оқуларына жол ашылған болатын.

{gallery}material/news/2018_kasym{/gallery}

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында республикалық ауқымда ұйымдастырылып отырған биылғы "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты республикалық VIII дәстүрлі Қасым Аманжолов оқулары 14 пен 25 жас аралығындағы жастар арасында 2 номинация  бойынша өткізілді:

 "Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы..." номинациясында Қасым Аманжоловтың шығармаларын жатқа оқу болса, "Дүниеге келер әлі талай Қасым..." номинациясында Қасым Аманжоловқа арнау және еркін тақырыпта өлең ұсынылуы тиіс болатын.

Қасым Аманжолов оқуларына барлығы  екі номинация бойынша 117 үміткер талантты жас дарындылардан өтінім түсті. Атап айтсақ "Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы..." номинациясы бойынша Астана қаласы, Қарағанды облысы бойынша 63 үміткерден өтінім түссе, "Дүниеге келер әлі талай Қасым..."  номинациясына Астана, Көкшетау қалаларынан, Павлодар, Қарағанды облыстарынан 54 талантты  жастардың Қасымға арнаған өз шығармалары қабылданды.

Бұл ұйымдастырылып отырған ауқымды шара жылдан жылға өсіп,  қатысушылар саны артып келеді. Демек қазіргі жастардың әдебиетке және поэзияға деген құштарлығының артқандығының тағы бір дәлелі болып табылады.

Жаңа жас таланттарды және жастардың шығармашылық дарынын ашып, жаңа туындыларының жұртшылыққа жол табуына мүмкіндік беріп келе жатқан дәстүрлі Қасым оқуларының биылғы жылдың әділқазылар алқасы құрамында: Ақтөбе қаласынан арнайы шақырылған "Адырна" әдеби-танымдық журналдың  бас редакторы, ақын-жазушы Мейірхан Ақдәулетұлы, Қазақстан жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, "Қасым" республикалық әдеби - қоғамдық журналының бас редакторы Серік Сағынтай,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серік Ақсұңқарұлы,  филология ғылымдарының докторы, профессор, Қойлыбай Асанов,  "Егемен Қазақстан" газетінің әлеумет және білім бөлімінің меңгерушісі, ақын Мирас Асан,  Қарағанды қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлназ Жаркеева болды.

{gallery}material/news/2018_kasym_1{/gallery}

Игі шара Қарағанды төріне қойылған жыр сүйер қауымның ақын рухына тәу етер жеріне айналған Қасым  ескерткіші алдында тағзым ету рәсімімен басталып, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы..." номинациясы бойынша іріктеу жұмысымен жалғасты.

Республикалық VIII дәстүрлі Қасым Аманжолов оқуларының қорытынды финалды кеші қала төрінде орналасқан "Шалқыма" концерт залында өтті.

Қасымның дауылды жырларын жаттап, қатарластарынан оқ бойы оза шапқан он жүйрік пен өз арнауларымен  поэзияны жанына серік еткен он мықты анықталды.

"Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы..." номинациясы бойынша жеңімпаздар:

Бас жүлде  Хасенова Анар (Бұқар жырау ауданы);

І орын Шукан Нұрбек (Қарағанды қаласы);

ІІ орын

  • Канафин Қанат (Ақтоғай ауданы)
  • Ақан Дилнара (Қарқаралы ауданы),  

ІІІ орын 

  • Қабышев Темірхан  (Қарқаралы ауданы);
  • Байжұманов Ерлан (Қарағанды қаласы);

Ынталандыру сыйлығымен

  • Жайлымұрат Назерке (Бұқар жырау ауданы)
  • Бұрахан Мөлдір (Шахтинск қаласы)
  • Нұртай Ерсұлтан (Шет ауданы)
  • Нұртай Нұрғиса (Қарағанды қаласы)

"Дүниеге келер әлі талай Қасым..." номинациясы бойынша жеңімпаздар:

Бас жүлде Әйткен Жоламан   (Қарағанды қаласы)

І орын Бауыржан Рамазан   (Көкшетау қаласы)

ІІ орын 

ІІІ орын

Ынталандыру сыйлығымен

Биылғы Қасым оқуларының ерекшелігі "Қасым" сериясымен жаңа кітабының жарық көруі. Ақын рухына тағзым етіп, оның жанартау жырлары арқылы тәуелсіз ел жастарының рухани жиегін кеңейту мақсатында кітаптың шығуына жетекшілік еткен жас прозашы Алмас Мырзахмет. Осы кеште жаңа кітаптың таныстырылымы болды.

{gallery}material/news/2018_kasym_2{/gallery}

Сонымен қатар Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі Медет Осатаевтың, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті Арайлым Схақтың орындауындағы әуезді әсем әндері мен "Қуаныш" ән-би ансамблінің тамаша билері поэзия мерекесінің сәнін келтіріп,  жиналғандарды ерекше шаттыққа бөледі.

Жүрекке жылу сыйлайтын жырларымен көпшілік қауым назарына Қ.Аманжолов өмірі мен шығармашылына байланысты"Туған жерім қасиетті Сарыарқам" атты кітап көрмесі ұсынылды.

Қасымның жыры – халықтың жыры. Дауылпаз ақынның отты жырларында қазақтың біртұтас ұлт, қуатты ел болуын аңсаған ұлы арман жатыр. Алаш ардақтысының арманын жарқын болашақтың бейнесі еткен біз бақытты ұрпақпыз. Ақын өлеңін, өлмес рухын аспандату біздің борышымыз.

Толығырақ бейнематериалда: