Өнер туралы әдебиеттер бөлімі шақырады!

2018 жылдың 22 - қараша күні сағат 11.00-де кітапханамызда: "Ұлттық сахна өнерінің дарабозы" атты шығармашылық кеш өтеді. Аталмыш шара КСРО халық әртісі Қалибек (Қалыбек) Қуанышбаевтың туғанына 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Шығармашылық кешімізге С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты К. Н. Жұмабеков, Қарқаралы ауданына қарасты Қ. Қуанышбаев атындағы музейдің қызметкері А. А. Қасымов және  қаламыздағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің  студенттері қатысады.

Жиналғандар назарына Қалибек Қуанышбаевтың мұражайда сақталған жәдігерлері мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылады. Өмірбаяны, театрдағы және кинодағы сомдаған рольдері, замандастарының ол туралы  естеліктерін "Бүгін Қалибек туған күн" атты деректі  фильмнен тамашалай аласыздар.

Кеш жайлы ақпаратты Өнер туралы әдебиеттер бөлімінен білуге болады. Анықтама телефонымыз: 49-33-75